KEGOC филиалдарында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» жолдауын талқылау жалғасуда

Қазақ

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев жыл сайын ұжым алдында өткізетін есептер шеңберінде Шымкент қаласында «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы қызметкерлеімен кездесті.

Кездесу барысында компания басшысы компанияның ҰЭТ-ты дамыту және Қазақстан БЭЖ-інің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиімді орындап жатқанын атап өтті. Ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда, қызмет тиімділігін арттыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілуде, персоналды дамытуға және ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешуге үлкен көңіл бөлінеді.

Соның ішінде, 2016 жылы «500кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитін салу» ауқымды жобасының бірінші кезеңі - жоғары вольтті 500 кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желілері жоспарланған мерзімінен бір жыл бұрын пайдалануға берілді. 

Өткен жылғы қаржылық нәтижелер акциялары аса өтімді және инвесторлар тарапынан қызығушылық бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің үмітін ақтады. Бүгінгі күні KEGOC акциялары KASE-де бір акция үшін 1300 теңге баға шегінен асып түсті, бұл орналастыру бағасынан 150%-дан артық.

Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын дамыту шеңберінде KEGOC-та қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалады, Ұжымдық шартпен реттелетін әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады. Өткен жылғы  қыркүйекте кәсіподақ конференциясында «KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен қызметкерлердің мүдделерін ескере отырып жасалған 2016-2020 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт бекітілді. 

Компанияның 82%-ды құрайтын өзгермейтін жоғары әлеуметтік тұрақтылық рейтингі, сонымен қатар ӘБҚ персоналының қатыстырылу дәрежесінің 5%-ға өсіп, 73%-ды құрағаны компанияның әлеуметтік саясатының табысты екенін дәлелдейді. 

Компания ұжымы кешенді және ауқымды Бизнесті трансформациялау бағдарламасын табысты іске асыруды жалғастыруда.

Бақытжан Қажиев компанияның дамуы Қазақстанның өркендеуімен және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған басымдықтармен үздіксіз байланысты екенін атап өтті.

Ұлттық компания басшысы Қазақстан мынадай бес негізгі басымдықтардан тұратын Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскенін атап кетті: экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталдың сапасын жақсарту, сондай-ақ институционалдық түрлену, қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы күрес.

Бұл басым бағыттарды іске асыру - негізгі стратегиялық мақсат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында сенімді іргетас қалауды қамтамасыз етеді.

- Еліміздің жаңа технологиялық құрылымын жасау жөніндегі стратегиясында біз өз орынымызды алуымыз керек, - деп "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы атап көрсетті. - Бұл мақсатты іске асыру үшін Компанияда барлық мүмкіндік бар: тәжірибелі топ-менеджмент, жоғарғы білікті қызметкерлер, ірі көлемді инвестициялық жобаларды іске асырудағы үлкен тәжірибе, алдыңғы қатарлы атқарылымдар және аса заманауи технологиялар.

Кездесу барысында Бақытжан Қажиев ағымдағы жылдың наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң еліміздің негізгі саяси институттары – Президент, Үкімет және Парламент арасындағы өкілеттіктерді неғұрлым анығырақ бөлуге бағытталғанына қызметкерлердің назарын аударды.

Конституциялық реформаның және мемлекет Басшысының Жолдауын іске асырудың тұтас нәтижесі Қазақстан экономикасының жаңа ғаламдық нақтылығындағы орынын анағұрлым күшейтеді, - деп "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы атап өтті.  

  

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы ауд., Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: 
kegoc@kegoc.kz

 

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 25 000  км болатын 0,4-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,7 ГВА 78 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.