KEGOC «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларды орналастыру мерзіміне бойынша түсіндірме жасады

Қазақ

08.05.2013

KEGOC «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларды орналастыру мерзіміне бойынша түсіндірме жасады

Астана, 8 мамыр, 2013 ж. «KEGOC» АҚ (бұдан әрі - «KEGOC» немесе «Компания»), Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің («БЭЖ») жүйелік операторы, бүгін акцияларға жазылу науқанының басталу мерзіміне қатысты түсіндірме жасады.

Қазіргі уақытта Компания кеңесшілер тобымен бірлесе отырып, «KEGOC» акциялар топтамасын қаржы нарығына шығару бойынша дайындық шаралары мен ішкі корпоративтік рәсімдерді аяқтады.

Барлық қажетті құжаттар белгіленген тәртіппен компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен ҚР Үкіметіне қарауға және шешім қабылдауға жіберілді. Орналастырудың негізгі параметрлері бекітілгеннен кейін KEGOC-тың IPO-ға шығу мерзімі белгіленеді және жария етілетін болады.

Бұрын БАҚ беттерінде өтінімдер кітабын ү.ж. 13 мамырынан бастап ашу мүмкіндігі айтылған болатын.