KEGOC қазақстандық компаниясының GAMMA рейтингі GAMMA-5+ деңгейінде расталды және Standard & Poor’s бастамасы бойынша қайтарып алынды

Қазақ

01.07.2011

KEGOC қазақстандық компаниясының GAMMA рейтингі GAMMA-5+ деңгейінде расталды және Standard & Poor’s бастамасы бойынша қайтарып алынды

Standard & Poor’s корпоративтік басқару рейтингі қызметі «Корпоративтік басқару, есеп беру және менеджмент тиімділігін талдау мен бағалау» рейтингінің  (Governance, Accountability, Management, Metrics, and Analysis — GAMMA) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» KEGOC АҚ бойынша GAMMA 5+ деңгейінде болғанын растады.

KEGOC  компаниясының GAMMA корпоративтік басқару рейтингі  Standard & Poor’s бастамасы бойынша Standard & Poor’s GAMMA корпоративтік басқару рейтингі  қызметінің жұмысын тоқтату туралы  шешіміне байланысты  қайтарып алынды. Сонымен бірге Standard & Poor’s кредиттік талдау  шеңберінде  корпоративтік басқаруға  баға беруді жалғастырады.

«KEGOC корпоративтік басқару  жүйесінің  аса маңызды оң сипаттамаларының бірі стратегиялық  жоспарлаудың бір жүйеге келтірілген процесі  болып табылады», — деп атап көрсетті Корпоративтік басқару рейтингі  қызметінің талдаушысы Екатерина Марушкевич.

Соңғы жылдары  KEGOC акционерлік қоғамында ақпаратты ашып көрсету тәжірибесі  айтарлықтай жақсара түсті. 2011 жылы KEGOC ҚЕХС бойынша  жылдық қаржылық есептемені  бұрынғы жылдарға қарағанда ертерек -  сәуір айының ортасында жариялады, сондай-ақ  орта буындағы  басшылар мен  Директорлар кеңесінің мүшелеріне  жеке сыйақы төлеу мөлшерін ашып көрсетті.

Сонымен бірге  талдаушылар KEGOC акционерлік қоғамының Жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі  корпоративтік шешімдерді қабылдау барысында  мүдделік дау-дамайларға тап болуы мүмкін,-деп атап көрсетті. Атап айтқанда, елдің үкіметі белгілеген  KEGOC акционерлік қоғамында корпоративтік басқару тәжірибесін  дамытуға  оң әсерін тигізуге қабілетті «халықтық» IPO-ны  өткізудің болашағы зор болатынына қарамастан,  акцияларды  олардың әділ құнына байланысты дисконтпен  сату  компания үшін  орналастыру  тартымдылығын  төмендетеді. Бұл нақтылай алғанда,  көтеріңкі бағамен акционерлік капиталды тартуды білдіреді.

KEGOC компаниясының GAMMA рейтингі — 1-ден 10-ға дейінгі градациямен талдаудың төрт  құрамдас  бөлігі бойынша баға берудің нәтижесі:

-       Акционерлердің әсер етуі  4+

-       Акционерлердің құқығы  5

-       Анық та дұрыс болуы, аудит және тәуекелдерді басқару  6

-       Директорлар кеңесінің тиімділігі, стратегиялық процесс,  мотивациялау жүйесі  5+

GAMMA рейтингі туралы ақпаратты www.governance.standardandpoors.com и www.standardandpoors.ru. сайттарынан қарауға болады

«KEGOC» АҚ  Қазақстан БЭЖ-нің  біртұтас электр желісі жүйелік операторының функциясын орындайды. «KEGOC» АҚ жарғылық капиталының 100%  акциялар топтамасы  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның меншігінде.