KEGOC командасы – ең көңілді және тапқыр

Қазақ

«KEGOC» АҚ командасы «Ана тілім – ардағым» тақырыбында өткен байқаудың қорытындысы бойынша ең көңілді және тапқыр деген бағаға ие болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен 2016 жылдың 25-ші қарашасында ұлттық компаниялар арасында өткен аталмыш байқауда KEGOC командасы жеңімпаз атанды. 

Олар мемлекеттік тілде өткен КТК форматында сахналық шеберліктерін ортаға салған 12 қатысушы-команда арасынан үздік шықты.

Әбдіғазиз Жеңіс, Наурызбаев Еркебұлан, Құнафин Нұрлан, Озернов Павел, Әбілов Мадияр, Рүстембек Абдолла барлық бес тур бойынша көрермендерге астарлы әзілдерімен көтеріңкі көңіл-күй мен күлкі сыйлап, әр турдан жоғары ұпай жинады.

Жастарды жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар және жетістіктер тілейміз!