KEGOC компаниясында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында байқау өтті

Қазақ

2018 жылы 26 қазанда KEGOC компаниясында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында көңілді тапқырлар клубының сайысы өтті. Аталмыш байқау 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолдану аясын кеңейту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тілде өткен КТК байқауына барлығы 11 команда қатысты. Соның ішінде «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы, «Энергоинформ» АҚ және компанияның 9 филиалынан командалар бар: 

«Ақмола ЖЭТ»,

«Алматы ЖЭТ»,

«Ақтөбе ЖЭТ»,

«Орталық ЖЭТ»,

«Оңтүстік ЖЭТ»,

«Шығыс ЖЭТ»,

«Батыс ЖЭТ»,

«Сарыбай ЖЭТ»,

«Солтүстік ЖЭТ».

КТК қатысушылары үш кезең бойынша бақ сынасты – «Сәлемдесу» және музыкалық элементтерді қолдана отырып үй тапсырмасын көрсету. КТК қорытындысы бойынша Алматы ЖЭТ филиалынан қатысқан «Апорт-KEGOC» командасы Гран-при иесі атанды. Бірінші орынды «Энергоинформ» АҚ-ның «Нұр-информ» командасы, екінші орынды Шығыс ЖЭТ-тің «Ертіс толқындары» командасы алды. Ал үшінші орынға Ақтөбе ЖЭТ филиалының «04 өңір» командасының ойыншылары ие болды. 

Байқаудың қонақтары ретінде «Қазақстан КВН» Одағының президенті Есен Елеукен, «Қазақстан КВН» Одағының бас редакторы Рүстем Елжанов, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Дельфий комитетінің ди⁠ректоры Құралай Түспекова және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мемлекеттік тілді дамыту және аударма бөлімінің бастығы Жайнагүл Мұқашева қатысты.