KEGOC ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитіндегі 500 кВ ӘЖ бірінші кезеңінің құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр

Қазақ

 «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ әуе желісін, яғни 500 кВ «Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен» жоғары вольттық желілерін (ӘЖ) салу» жобасының бірінші кезеңін іске асыру жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр.                               

    Бұл туралы бүгін Шығыс-Қазақстан облысында 500 кВ «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» ӘЖ  транзитін салу» жобасы шеңберінде салынып жатқан нысандарды көру барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е.Шөкеев мәлімдеді. Сонымен қатар ол құрылыс-монтаждау жұмыстарына жоғары баға бере отырып, «KEGOC» АҚ мен бас мердігерлік компанияларға  жобаны іске асыру сапасы үшін алғыс білдірді.

   Өздеріңізге белгілі, «KEGOC» АҚ «500 кВ «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» ӘЖ  транзитін салу» жобасын «Нұрлы жол – Путь в будущее» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруда және бұл жоба екі кезеңнен тұрады: 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖ (бірінші кезең,  жоспарлы іске асыру мерзімі 2017 ж.) және 500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ (екінші кезең, іске асыру мерзімі 2018 ж.). 

     «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев іс-шараға қатысушыларға барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары осы күзде аяқталатыны туралы хабарлады. Жабдықтарға кешенді сынақ жүргізгеннен кейін 500 кВ «Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен» ӘЖ-ні ағымдағы жылдың желтоқсан айында, яғни жоспарланған мерзімінен бір жылға ерте пайдалануға беруді жоспарланып отыр.

    - Бұл қазақстандық энергетиктердің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына деген қомақты сыйлығы болмақ, - деп атап өтті «KEGOC» АҚ басшысы.

     Компания өкілдері  берген мәліметі бойынша жобаның бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде салынады деп жоспарланған 500 кВ және 220 кВ  700 км электр жеткізу желілерінің қазіргі кезде 673 км астамы салынды, оның ішінде 500 кВ желісі бойынша – 573 км және 200 кВ желісі бойынша – 100 км.  

    500 кВ «Семей» қосалқы станциясында (ҚС), 500 кВ «Өскемен» ҚС мен 1150 кВ «Екібастұз» ҚС-да құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосалқы станцияларды салу кезінде отандық темірбетон бұйымдары, металл тіректер, кабель және өткізгіш сым өнімдері, байланыс конденсаторлары, жеке қажеттілікке арналған трансформаторлар және т.б. өнімдер қолданылуда. 

     - Шығыс транзитінің бірінші кезеңі толығымен «KEGOC» АҚ-ның меншік қаражаты есебінен салынып жатқанын ерекше атап өткім келеді, - деді Бақытжан Қажиев.

    500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖ-ні пайдалануға беру «Солтүстік-Шығыс» бағытындағы желілердің өткізу қабілетін арттырады, Шығыс Қазақстан облысындағы электр энергиясының тапшылығын Шығыс Қазақстан облысын Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін энергия жүйесімен қосатын қолданыстағы  желілердің жай-күйіне қарамастан жабуды қамтамасыз етеді, бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Болашақта Ертіс ГЭС каскадынан толық қуат беруді қамтамасыз етеді.

   Бақытжан Қажиевтың мәліметі бойынша «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей)-Ақтоғай-Талдықорған-Алма ӘЖ-ні салу» шығыс транзитінің екінші кезеңінің  құрылыс-монтаждау  жұмыстары  ағымдағы жылы басталған.  Аталған кезеңді аяқтау мерзімі – 2018 жыл.

    «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ-сін салу» ауқымды жобасын іске асыру барысында тұтастай алғанда жалпы ұзындығы 1700 км 500 және 220 кВ жоғары вольттық электр жеткізу желілерінің (оның: 500кВ – 1500 км және 220кВ - 200 км) және қуаты 500 кВ «Семей», «Ақтоғай» және «Талдықорған» үш жаңа қосалқы станцияларының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ  қолданыстағы 1150 кВ «Екібастұз», 500 кВ «Алма», 500 кВ «Өскемен» қосалқы санциялары мен 220 кВ  «Шүлбі ГЭС-нің» АТҚ-сы кеңейтілуде.  

     Екінші кезеңнің жұмыстарын аяқтау ҰЭТ-тың Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, теміржолдардың электрлендірілетін учаскелерінің электр энергиясына деген қажеттілігін жабуды, тау-кен өнеркәсібі объектілерінің энергия сыйымдылығын  қамтамасыз етеді, шекаралас аймақтар мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды, бұл  қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасындағы ең өзекті мәселелердің бірі, сондай-ақ Шығыс аймағының Қазақстанның біртұтас электр жүйесімен байланысын күшейте түседі.

     Жобаның әлеуметтік маңызы зор. Құрылыс жұмыстары кезеңінде 1861 жаңа жұмыс орны құрылды. 

   «KEGOC» АҚ-ның аталған жоғары вольттық желі құрылысын биыл аяқтау жоспары нақты және толығымен сараланған. Компанияның электр энергетикасы саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесі мол.

     KEGOC компаниясының Ұлттық электр торабын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын жоспарлы түрде және ойдағыдай іске асыруы осының айғағы  болып табылады.

      2009 жылы KEGOC  компаниясы ірі көлемдегі екі инфрақұрылымдық жобаны аяқтады – бұл Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500кВ  екінші желісін салу және  500 кВ Жітіқара – Өлке желісін салу жобалары.  

      Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші желісін салу еліміздің оңтүстігіне электр энергиясын 600 МВт-дан 1259 МВт-ға дейін екі есеге арттыруға мүмкіндік берді және сол кезеңде орын алған Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясына деген аса тапшылықты жабу мәселесін шешуді қамтамасыз етті. Ал Жітіқара-Өлке желісін салу (Ақтөбе мен Қостанай облыстарын байланыстыратын) Ақтөбе энергия торабында  қазақстандық электр энергиясына деген аса жетіспеушілік мәселесін шешті, сондай-ақ өңірдегі тұтынушылардың Ресейден жеткізілетін электр энергиясына деген тәуелсіздігін қамтамасыз етті. Сонымен бірге аталған жоба электр энергетикасы саласында  алғаш рет концессиялық негізде іске асырылды.  

    Тағы бір ауқымды жоба 2014 жылы ойдағыдай аяқталды, бұл –  «Кернеуі 500-220 кВ желілер Қазақстанның ҰЭТ-на жалғанатын  500 кВ Алма ҚС-ны салу». «Алма» қосалқы станциясының Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында салынған  кернеуі 500 кВ алғашқы қосалқы станция екендігін атап өткен жөн, бұдан бұрын басқа жобалар бойынша  қолданыстағы 500 кВ қосалқы станцияларды  кеңейту жұмыстары жүзеге асырылған болатын. Оны пайдалануға беру Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін едәуір арттырды, өңірдің дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етті, тұтастай алғанда,  еліміздің оңтүстік өңіріндегі барлық  аймақты электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін жағдайлар жасады. 

     «KEGOC» АҚ сондай-ақ  ұлттық электр торабының жабдықтарын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға жақын. Осы орайдағы міндеттер «ҰЭТ-ты жаңғырту» және «ҰЭТ-ты жаңғырту, II-кезең» ауқымды  жобаларын іске асыру арқылы шешілді. Жобалар шеңберінде бастапқы жабдықтар: күштік трансформаторлар, реакторлар, коммутациялық аппараттар, ток пен кернеуді өлшеу трансформаторлары және т.б. ауыстырылды. Нәтижесінде энергия жүйелері жұмысының тиімділігі мен тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді, қосалқы станциялар жабдықтарының технологиялық бұзылыстары 4 еседен астам қысқарды, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасы артты.

    KEGOC компаниясының барлық жобаларының іске асырылғанын атап өткен маңызды және бұл барлық жобалар басқарылатын тұйықтағыш реакторлар, элегаздық және вакуумдық ажыратқыштар, фаза бұратын трансформаторлар, микропроцессорлық релелік қорғаныс құрылғылары, деректер жинау мен техникалық процестерді жедел-диспетчерлік басқару жүйесі (SCADA) сияқты қазіргі замауи технологиялар мен жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылды. Көрсетілген технологияларды қолдану компанияны инновациялық-технологиялық дамыту жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге– Қазақстанның интеллектуалдық энергия жүйесінің өзегі болатын Белсенді-бейімделгіш ҰЭТ-ты (Smart Grid технологиясы базасында) құруға бағытталды.

 

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы ауд., Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: 
kegoc@kegoc.kz

 

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 24,9 мың км болатын 35-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,2 ГВА 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz