KEGOC қызметкерлері «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне арналған ашық диктант барысында жақсы нәтиже көрсетті

Қазақ

2016 жылғы 20 мамырда Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Мәңгілік ел» патриоттық актісі аясында өткізілген жалпықазақстандық ашық диктантқа ұзын саны 160 адам, соның ішінде KEGOC-дан 10 қызметкер қатысты. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отырған бұл шараның басты мақсаты мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болып отыр. 

Аталған ашық диктанттың қорытындысы бойынша өте жақсы және жақсы нәтиже көрсеткен 92 адамның ішінде «KEGOC» АҚ-ның 9 қызметкері алдыңғы қатардан көрінді. Бұл мақтан тұтарлық әріптестеріміз, атап айтқанда Нұртанов Ербол («KEGOC» АҚ АД), Мұсаев Мейрам (ЖО ҰДО), Еспенбетова Маржан  (ЖО ҰДО), Шақаев Ержан («Энергоинформ» АҚ), Наурызбаев Еркебұлан («Энергоинформ» АҚ), Арғын Мадина («Энергоинформ» АҚ), Кащеева Ирина («Энергоинформ» АҚ), Тоқымбеков Асқат («Энергоинформ» АҚ), Кенжеғарина Салтанат (Ақмола ЖЭТ), Сырымбетова Шапағат (Ақмола ЖЭТ) ашық диктантқа қатысып, үздік нәтиже көрсеткендері үшін алғыс хаттармен марапатталды.