KEGOC қызметкерлері өнертабысты патенттеді

Қазақ

04.12.2013

KEGOC қызметкерлері өнертабысты патенттеді

«KEGOC» АҚ қызметкерлер тобы «Ілмегі жер бетіне шығарылған аралық тірек кермелерін бекітудің анкерлік түйіні» өнертабысына инновациялық патент алды.

Өнертабыс топырақта орналасқан металлдан жасалған бекіту түйіндерін коррозиядан қорғайды және кернеуі аса жоғары сыныптық электр жеткізу желілеріндегі (1150 кВ) аралық тіректердің жай-күйін диагностикалау шығыстарын азайтуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта кернеуі 1150 кВ желілердің аралық тіректерінде жер астында 3 метр шамасындағы тереңдікте орнатылатын анкерлі тақтайлар қолданылады.

Жемір ортаның әсеріне (ылғалдылық, тұз, электр тогы) ұрына отырып, ілмектердің және  U-тәріздес болаттың қосылған жері қарқынды механикалық және электрохимиялық коррозияға ұрынады. Бұл салмағы 20 тоннадан астам ПОГ -1150-1 түріндегі тіректердің орнықтылығын төмендетуге және олардың құлауына әкелуі мүмкін.

Жер астында жатқан анкерлі түйіндерді тексеру мақсатында 6 жылда 1 рет топырақты ашып, бақылау жүргізіп тұру қажет. Бұл іс-шара қымбат тұрады. 1150 кВ ӘЖ-нің бір тірегінде 4 анкерлік бекіту түйіні бар екенін, ал бір ӘЖ бағытында 200-ден астам тірек бар екенін атап кету қажет.   

Өнертабыс аралық тіректер кермелерінің анкерлік бекіту түйінін жер бетіне шығара отырып, іргелі құрылым жасауға мүмкіндік береді. 

Бекіту түйіні жер бетінде орналасқан кезде анкерлі бекіту түйінінің металл элементтеріне коррозияның әсері болмайды, кермелердің пайдалану мерзімдері айтарлықтай артады, тексеру үдерісі жеңілдетіледі және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар айтарлықтай азаяды.

№27514 инновациялық патент ҚР өнертабыстар тізілімінде 2013 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. 

1.JPG

  2.JPG

   3.JPG