KEGOC Өзбекстан энергия жүйесінен бөлек жұмыстарға өту жөнінде бастама көтерді

Қазақ

Қазіргі кезде Қазақстан БЭЖ Ресей Федерациясы БЭЖ мен Орталық Азия ЭЖБ қатарлас жұмыс істеп келеді. Өзбекстан энергия жүйесінің тұрақсыз жұмысы және қуаттың жоспарсыз сұрыпталуы апатқа қарсы автоматикалардың іске қосылуына және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы тұтынушылардың ажыратылуына әкеп соқтырды.

Осының салдарынан өткен күзгі-қысқы маусымдарда «Қазақстанның Солтүстік – Оңтүстік» тасымалында 4 мәрте ажырату орын алып, 1300 мәрте апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Аталған жағдай Қазақтан БЭЖ-нің Ресей Федерациясы энергия жүйесімен қатарлас жұмыс істеу тәртібіне кері әсер етуде.

Бұдан бөлек, осы уақытқа дейін келісім қатынастары және «Өзбекэнерго» МАК тарапынан ағымдағы жылдың басынан бастап алынған қызметтер мен электр энергия қарыздарын қайтару мәселелері реттелмеген. Сонымен, қуатты реттеу (ағымдағы жылдың басынан бастап 10 миллионнан артық АҚШ доллары соммасына жететін 2500 МВт көлемінде) келісіміне қол қойылмаған және осы жылдың қысқы маусымында Қазақстан БЭЖ-нен жоспардан тыс алынған 7 млн. АҚШ доллары суммасындағы энергия ақысы төленбеген.

«KEGOC» АҚ-ның қатарлас жұмыс істеу тәртібінің сақталуы жөніндегі бірнеше мәрте талаптары «Өзбекэнерго» МАК тарапынан назардан тыс қалып келеді. Алдағы күзгі-қысқы маусымдарының түсуіне байланысты өзбек энергия жүйесімен тұрақсыз жұмыс тұтынушылардың жалпы ажыратылу жүйелік апаттарының туындау қаупін көбейтеді.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Өзбекстан энергия жүйесінен бөлек жұмыстарға өту және Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының энергия жүйелерімен қатарлас жұмысының сақталуы жөнінде ұсыныстар енгізеді.

 Баспасөз өкілдері үшін байланыс

Марат Мұхамедсалиев, Алмагүл Жакеева, Акмарал Баязитова
тел.: +7(7172) 69-04-15   690 468,  факс 690 438    690-161
pressa@kegoc.kz

 Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания еншісінде Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 110-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 35,5 ГВА болатын 76 электрлік қосалқы станциясы бар. Компанияда 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық  ақпарат  www.kegoc.kz сайтында.