KEGOC Парыз-2013 сыйлығының алтын иегері, Астана 23 желтоқсан 2013 жыл

Қазақ

14.12.2013

KEGOC Парыз-2013 сыйлығының алтын иегері, Астана 23 желтоқсан 2013 жыл

«KEGOC» АҚ ірі кәсіпкерлік нысандар арасындағы «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленіп, Парыз-2013 сыйлығының лауреаты атанды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайын өткізілетін «Парыз» байқауы Елбасы бастамасымен жарияланған болатын, бұл шара кәсіпорын субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге, осы саладағы оң тәжірибелерді кеңінен таратып, көпшілікке паш етуге ынталандырады. «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясының мақсаты - кәсіпорынның әлеуметтік бағыттағы үлгісін қалыптастыруға белсенді түрде ықпал ету.

Кәсіпорынның осындай жоғары деңгейдегі байқауда жеңіс тұғырынан көріну себептеріне тоқталған  «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев: «Бұл Компанияның корпоративтік әлеуметтік міндеттерді орындаудағы жүйелі  жұмысының нәтижесі. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарының  қоғам дамуындағы маңыздылығын ескере отырып, біз еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік сипаттағы еңбекақы төлемдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мамандар даярлау және біліктілікті көтеру бойынша түрлі оқыту шараларын өткізу арқылы адами ресурстарды дамыту жұмыстарын жалғастыра бермекпіз», - деп атап өтті.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2013» байқауының лауреаттарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2013 жылғы 20 желтоқсанда «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстанды индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында, тікелей эфирде өтті. Байқаудың төрт номинациясы бойынша 25 қазақстандық кәсіпорын жеңімпаз атанды.

Баспасөз өкілдері үшін байланыс:

Алмагүл Жакеева

Тел: +7 (7172) 690-468, факс: +7 (7172) 690-438

zhakeyeva@kegoc.kz

www.kegoc.kz

paryz2.JPG

paryz.JPG