KEGOC жоғары спорттық нәтижелерді көрсетті

Қазақ

Павлодар қаласында өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы VI Спартакиадасына іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ солтүстік және шығыс филиалдарының қызметкерлері жоғары спорттық нәтижелерді көрсетті. 

Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында VI Спартакиада бастау алды және алғашқы іріктеу жарыстары Павлодарда өтті. 3-4 тамызда Солтүстік және Шығыс Қазақстанның 4 өңірлерінен 259-дан астам спортшылар Суперфиналға шығу үшін сайысқа түсті.

«Солтүстік-Шығыс» аймағы Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарының өкілдерін жинады. Суперфиналға шығу үшін «ПНХЗ» ЖШС, «ГРЭС-1» ЖШС, «ГРЭС-2» ЖШС, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Транстелеком» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Каустик» АҚ спортшылары күресті.

Іріктеу жарыстары спорттың 8 түрінен өткізілді: мини-футбол, стритбол, волейбол, үстел теннисі, кибер-спорт (Counter-Strike 1.6), армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ.

Аймақтық турдың қорытындысы бойынша мини-футбол және волейболда «KEGOC» АҚ командасы, «ПНХЗ» ЖШС стритбол командасы үздік деп танылды. Киберспортте «Богатырь Көмір» ЖШС командасы өздерін айырықша көрсетті.

Бұған қоса, шахмат және армрестлинг бойынша бірінші орындарға ие болған KEGOC қызметкерлері Меруерт Әбілқасымова мен Анастасия Матвеева өте жоғары көрсеткіштерді көрсетті.  

- Мен қарсыластардың командасын жеңіп, суперфиналға жолдама алғанымызға өте қуаныштымын, бірақ бізге спорттық ерік-жігер әлі де болса қажет, себебі бізді алда қызықты әрі тартысты кездесулер күтіп тұр, - дейді «KEGOC» АҚ мини-футбол командасының капитаны Дәулет Смайылов. - Мини-футболмен бұрыннан айналысамын, әр демалыс сайын әріптестерімізбен және достарымызбен жаттығамыз. Командамыздың атынан сайыс ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз, осындай спорттық бәселекелерде аймақтардағы әріптестерімізбен танысуға, әріптестік қарым-қатынас орнатуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. 

Енді «Солтүстік-Шығыс» өңірінің үздік спортшылары алда Орталық, Оңтүстік және Батыс жеңімпаздарымен 7-8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін шешуші суперфиналда кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Спартакиаданың барлық іріктеу жарыстары аумақ бойынша бөлінген: Солтүстік-Шығыс, Орталық, Батыс және Оңтүстік. Әрбір аймақ өз командалары мен спортшыларын еншілес тәуелді ұйымдарға (ЕТҰ) бөлінуге сәйкес қояды.

Спорттық іс-шараны ұйымдастырушы «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып табылды.