«КЕGОС»АҚ қызметкерлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды

Қазақ

15.05.2015

«КЕGОС»АҚ қызметкерлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды

«КЕGОС» АҚ қызметкерлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен әріптестеріне көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды.

Үстіміздегі жылғы 12 сәуірде көктемгі су тасқыны салдарынан Қарағанды облысындағы Нұра станциясы мен Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл су астында қалған болатын. Аталған аймақтарда «КЕGОС» АҚ «Орталық ЖЭТ»  филиалы қызметкерлері мекендейді. Су басу аймағында  филиал қызметкерлерінің 37 отбасы қалды.

Компания қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында Компания басшылығы тарапынан су тасқынынан қатты зардап шеккен қызметкерлер үшін  бір күндік жалақы аудару туралы  шешім қабылданды.

КЕGОС ұжымы топ-менеджментінің ұсынысын бірауыздан қолдады.



..