Келіссөз қорытындылары бойынша «Өзбекэнерго» МАК-пен шарт жасалды

Қазақ

31.12.2011

Келіссөз қорытындылары бойынша «Өзбекэнерго» МАК-пен шарт жасалды

«KEGOC» АҚ делегациясы «Өзбекэнерго» МАК басшылығымен Ташкент қ.-дағы Қазақстан БЭЖ-і мен Орталық Азия біріктірілген  энергожүйесі шекарасындағы жағдаятты реттеу мақсатындағы   келіссөздері табысты аяқталды.

26-29 желтоқсан аралығында болған кездесулер қорытындылары бойынша  «Өзбекэнерго» МАК пен «KEGOC» АҚ арасында мынадай екі шартқа қол қойылды: өзбек тарапының Қазақстан БЭЖ-нен алынған жоспардан тыс электр энергиясы көлемін сатып алуына, сондай-ақ электр қуатын реттеу жөніндегі қызметтер көрсетуге.

Іргелес энергожүйелер арасындағы өзара қарым-қатынастарда шарттық тұғырнаманы құру жағдаятты тұрақтандыруы және ағымдық күздік-қыстық мезгілде Қазақстанның оңтүстігін  электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету  үшін жағдайлар жасауы тиіс.

Бұрын хабарлағанымыздай, ағымдағы күзгі-қысқы мезгілдің (КҚМ) басталуымен Өзбекстан энергожүйесі Қазақстан БЭЖ-нен электр қуаты мен электр энергиясын рұқсат етілмесе рұқсат сұрыптап алуды жүргізуде. Осы себеп бойынша Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің үзілуіне байланысты республиканың орталық және оңтүстік өңірлеріндегі тұтынушыларын электрмен жабдықтауда айтарлықтай шектеулер көлемдерімен бірге бірқатар  технологиялық бұзылыстар болып өтті.