Компания топ-менеджментіндегі кадрлық ауыстырулар

Қазақ

02.06.2011

Компания топ-менеджментіндегі кадрлық ауыстырулар

2001 жылғы 30 мамыр. Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «КЕGOC» АҚ басшысының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-на жұмысқа ауысуын мақұлдады, бұл туралы ол өзінің Твиттерінде хабарлама жасады.

«А.М.Сәтқалиевтің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-на жұмысқа ауысуын мақұлдадым», - деп жазды К.Мәсімов. ҚР Үкіметінің басшысы «КЕGOC» АҚ Басқармасының төрағасы қызметіне бұрын Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болған Бақытжан Қажиевті тағайындады.

Бейсенбі күні, 2 маусымда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарушы директоры А.Сәтқалиев компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, кадрлық ауыстырулар инвестициялық бағдарламалардың табысты жүзеге асуына және корпоративтік басқару деңгейінің артуына ықпал етеді деп атап өтті.