Moody's рейтингті Baa3 деңгейінде растады, болжам «Тұрақтыға» өзгерді

Қазақ

20.04.2011

Moody's рейтингті Baa3 деңгейінде растады, болжам «Тұрақтыға» өзгерді

Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ – Moody's Investors Service «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының (KEGOC) қамтамасыз етілмеген борыштық басым рейтингін Baa3 деңгейінде растады, деп көрсетілді рейтингитік агенттіктің хабарламасында.

Құжатқа сәйкес рейтинг бойынша болжам «Терістен» «Тұрақтыға» өзгерді. Рейтингтің болжамындағы өзгеріс 2009 жылмен салыстырғанда экономиканы қалпына келтіру, қолайлы тарифтік реттеу және инвестицияның шектеулі төмендеуі нәтижесінде «KEGOC» АҚ-ның  2010 жылғы жақсарған қаржылық жағдайын көрсетеді.   

Компания рейтингінің «Тұрақты» болжамы Қазақстанның егеменді рейтингінің тұрақты болжамын және Moody’s-тың KEGOС компаниясы үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау қол жетімді болатыны жөніндегі болжалын көрсетеді.   

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрылымына кіретін KEGOC ҚР Біртұтас электр энергиясы жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы функциясын орындайды.  Компанияның теңгерімінде ұлттық электр торабын құрайтын (ҰЭТ) ұзақтығы 24,5 мың км, кернеуі 110-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты  33,6 ГВА 74 қосалқы электр станциялары бар