Өндірістік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Қазақ

 

2019 жылғы 25 желтоқсанда  «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының ғимаратында «ҚазМұнайГаз» АҚ , «ҚТЖ ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ,  «Казпочта» АҚ,  «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ және басқа да портфельдік компаниялардың басшыларының қатысуымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) VI отырысы өтті.

Шараның ашылуында отырыстың төрағасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Активтерді және жекешелендіруді басқару жөніндегі басқарушы директоры А. Сәтқалиев «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) қазіргі уақытта өндірістік қауіпсіздікті басқару жөніндегі референстік модельді ендіру мақсатында Қордың портфельдік компаниялар тобында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» синергетикалық жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру жоспарланып отырғандығын атап өтті.

Комитет дәл осы мәселелермен айналысады. Комитеттің негізгі мақсаты Қордың портфельдік компанияларында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесін салалық халықаралық стандарттар деңгейіне дейін алдыңғы қатарлы халықаралық салалық тәжірибелерді ендіру, сонымен қатар Қордың портфельдік компаниялары ішінде тәжірибемен және тәсілдермен алмасу  арқылы жақсарту болып табылады.

Отырыс барысында Қордың ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы Саясаты мен Стратегиясын қалыптастыру мәселесі талқыланды. Көшбасшылық және осы саладағы мәдениетті арттыру саласында міндеттер қойылды. 

Қордың ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ менеджменті жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесін қабылдау мәселесі маңызды болып табылады.

Отырыстың қорытындысы бойынша еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі мәселелер бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.