Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы қоғамдық тыңдаулар туралы баспасөз хабарламасы, Тараз қ., 30 шілде 2014 жыл

Қазақ

30.07.2014

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы қоғамдық тыңдаулар туралы баспасөз хабарламасы, Тараз қ., 30 шілде 2014 жыл

Қоғамдық тыңдаулар барысында «KEGOC» АҚ іске асыратын «ҰЭТ-ты жаңғырту. ІІ кезең» жобасының шеңберінде «220 кВ-тық «Түлкібас–Боранды (т) ӘЖ құрылысы» жобасы мақұлданды.

«KEGOC» АҚ осы жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) материалдары бойынша 2014 жылдың 29 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов ауылында және  2014 жылдың 30 шілдесінде Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы ауылында қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Жобаның мақсаты – «ҰЭТ-ты жаңғырту. ІІ кезең» жобасын іске асыру шеңберінде 220кВ-тық Шымкент – Қызылсай – Түлкібас – Боранды – Жамбыл бойынша транзитті тұйықтау арқылы Қазақстан ҰЭТ-ның жұмыс сенімділігі мен өткізу қабылетін арттыру.

Қоғамдық тыңдауларға жұртшылық, БАҚ, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары әкімдіктерінің, Түлкібас және Жуалы аудандары атқарушы органдарының, ҮЕҰ өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. «KEGOC» АҚ мамандары жергілікті жұртшылық өкілдеріне жеткілікті жауаптар бере отырып, жобаның тұсаукесерін жасады.

Әкімшілік қатынаста электр жеткізу желісінің күрежолы Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен  Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы шектерінде көзделген. ҚОЭБ-ға сай 220 кВ-тық электр жеткізу желісі ерекше қорғалатын аумақтар аймағында орналаспаған. 220 кВ-тық электр жеткізу желісінің құрылысы барысында қолданылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайтады.

Құрылыс жобасын іске асыру мерзімі  - 2016 жыл. Қаржыландыруды  «KEGOC» АҚ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асыру жорамалдануда.

Тыңдаулар Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнама талаптарына сәйкес өтті.

 Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан біртұтас электр энергетикасы жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания еншісінде Қазақстанның Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 110-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының белгіленген қуаты 35,5 ГВА болатын 76 қосалқы электр станциясы бар. Компанияда 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық  ақпарат  www.kegoc.kz  сайтында.  

Баспасөз өкілдері үшін байланыс                                                                                                                                              Алмагүл Жакеева

тел.: +7(7172) 690 468

pressa@kegoc.kz

 



..