Орман қорының жерінен ауыстыру жөнінде қоғамдық тыңдаулар өтеді

Қазақ

2018 жылғы 8 тамызда, сағат 10-00-да «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәжіліс залында қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Қоғамдық тыңдалымға шығарылған мәселе:

«Жамбыл облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Бұрыл-Байтал ормандарды ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман қоры аумағынан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Каzаkstаn Еlесtriсity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының «Алматы жүйеаралақ электр тораптары» филиалының 500 кВ ӘЖ «ОҚМАЭС-Алма ҚС» электр жеткізуші желілері жалғанған тірек бағандары орналасқан 6,2752 га жерді басқа санаттағы жерге ауыстыру.

Қоғам өкілдері қағаз жүзіндегі материалдармен танысуға болатын мекен-жай : Тараз қаласы,Абай даңғылы,№ 133 «А» үй, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, байланыс телефоны : 8 (7262) 45-44-15.

Материалдарды электрондық нұсқада сұрауға болатын электрондық почтаның мекенжайы: Zhanabayev@kegoc.kz