Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының баспасөз-конференциясы өтті

Қазақ

Орталық коммуникациялар қызметінде «Электр энергетикасын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті, жиынның спикері ретінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев қатысты.

KEGOC басшысы БАҚ өкілдерінің алдындағы сөзінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық және бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бірінші басымдық экономикамыздың технологиялық жаңғыруын жеделдетуге беріліп отырғанын атап өтті.

- Әлбетте, экономиканы жаңғырту және дамыту жоғары технологиялық энергетикалық инфрақұрылымсыз мүмкін емес. Соған байланысты, Қазақстан электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы саналатын KEGOC басшысы ретінде өз кезегімде электр энергиясын дамытудың өзекті мәселелері жайында айтып өткім келеді, - деді Бақытжан Қажиев.

Қазіргі уақытта электр энергетикасы саласына сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауға деген үнемі өсіп отыратын сұраныстар, энергетикалық компанияның қызмет нәтижесіне мүдделі топтардың (акционерлер, заң шығарушылар, реттеуші органдар, тұтынушылар, қоғамдық және экологиялық ұйымдар)  қызығушылықтары, сонымен бірге электр энергетикалық нысандардың экологиялық және өндірістік қауіпсіздігіне деген өсуші талаптар әсер етеді.

Жоғарыда айтылған факторларға сүйене отырып, электр энергетикасы үшін бірқатар маңызды міндеттер туындайды, олардың ішінде ең маңыздысы күн және жел электр станцияларының тұрақты емес өсуші үлесі жағдайында энергия жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Бұған қоса, электрмен жабдықтау сапасына талаптардың өсуі жағдайында электр энергиясының сапасына бақылау жүйесін құруға деген жыл сайынға өсуші сұраныстарды ескеру қажет.

KEGOC басшысы жылдың басында айтылған Қазақстан Президенті Жолдауын орындаумен тікелей байланысты Қазақстан электр энергетикасын дамытудың тағы бір маңызды бағытына тоқталды, ол ел экономикасының технологиялық жаңғыруын жеделдету үшін озық сандық технологияларды қолдану маңыздылығы. Аталған міндетті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру, жеткізу, бөлу және тұтыну саласында жаңа әдістер мен технологиялар қажет.

«Мұндай технологиялар пайда болуда, және өзіміз куә болып отырғанымыздай бұлар энергетиканың әр түрлі секторындағы бөлек-бөлек технологиялар емес, қазіргі заманғы цифрлық құралдарды қолдануға негізделген Smart Grid технологиясының біріктірілген бірыңғай тұжырымдамасы болып табылады» - деп атап өтті Қажиев.

Осыған байланысты KEGOC компаниясы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде он жылдан астам уақыт ішінде осы бағытта жұмыс жүргізіп келеді, зияткерлік энергия жүйесінің элементтері Ұлттық электр торабында енгізілген. Атап айтқанда, релелік қорғаудың микропроцессорлық құрылғылары, SCADA диспетчерлік басқару жүйесі, ЭКЕАЖ коммерциялық есепке алу жүйесі, оптикалық талшықты байланыс желілері, басқарылатын шұнттаушы реакторлар, фаза бұратын трансформатор.

Қазіргі уақытта KEGOC «Қазақстан БЭЖ режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасын іске асыруға кірісті. Оны іске асыру сандық технологияларды кеңінен қолдауды қажет етеді және мынадай үш құрамдастардан тұрады: синхрофазалық технологиялар негізінде басқару жүйесін ендіру, жиілік пен қуатты реттеуді автоматтандыру, сонымен қатар, апатқа қарсы автоматика жүйесін орталықтандыру.

Жалпы алғанда, бұл жобаны іске асыру электр желілерін 10% -ға дейін жүктеу, энергия жүйесіндегі қуат теңгерімсіздіктерін екі есе төмендету және технологиялық бұзылыстар кезінде тұтынушылардың ажыратылуын 20 %-ға дейін азайту  бөлігінде нәтиже береді.

Қорыта келе Қажиев зияткерлік энергия жүйесін іске асыру міндеті ҰЭТ шеңберінде шектеліп қалмайтынын айтты.

- Зияткерлік энергия жүйесін құру жөніндегі белгіленген мақсатты энергия жүйесін өндіруден бастап соңғы тұтынушыларға дейінгі бүкіл тізбек бойынша жаңғыртусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстанның тиімділігі жоғары және технологиялық зияткерлік энергия жүйесін құру сол энергия жүйесі жұмысының сенімділігін ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге халықтың сапалы тұрмыс-тіршілігін, өзге елдердің ерекшелігінен пайдалысын алуға және сын тегеуріндерге қарсы тұруға мүмкіндік береді -  деп атап өтті «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы. 

 

Компания туралы 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 25 000  км болатын 0,4-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,7 ГВА 78 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.