Сақтандыру ұйымдары басшыларының назарына!

Қазақ

Мына мекенжай бойынша орналасқан: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59 -ғимарат «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «KEGOC» АҚ) «ұзақ мерзімді бастамалар» сатып алудың санаттық стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) Қор деңгейінде «Медициналық сақтандыру» санаты бойынша іске асыру шеңберінде сақтандыру ұйымдарын қатыстыра отырып, осы санат бойынша қызметтерді әлеуеттік жеткізушілерді айқындау мақсатында 2019 жылға арналған қажеттілік бойынша бәсекелестік келіссөздерді өткізу жоспарлауда («KEGOC» АҚ).

Алдағы бәскелестік келіссөздерге рұқсат алу мақсатында, жеткізушілер  «KEGOC» АҚ-ға Стратегияда айқындалған талаптарға сай әзірленген іріктеудің критерийлеріне сәйкес құжаттар жіберулері тиіс. Бәсекелестік келісссөздерге қатысу үшін 2018 жылғы «29» желтоқсан Астана уақыты бойынша 17:00 сағат Өтінімдер ұсынудың соңғы күні болып табылады.

Келесі жұмыс күні Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен соң, келіссөздер тобы жоғарыда көрсетілген талаптарға сай конверттерді ашу рәсімін жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттаманы қарау нәтижелері бойынша бәсекелестік келіссөздерге қатысуға рұқсат хаттамасына қол қойылады, және бұл ақпарат әлеуетті жеткізушілерге қосымша жеткізіледі.  

Бәсекелестік келіссөздерді өткізудің бағдарлы күні 2019 жылғы «11» қаңтардан бастап 2019 жылғы  «14» қаңтарды қоса алғанда.  

Жоғарыда көрсетілген талаптарды алу үшін, бәсекелестік келіссөздерге қатысу үшін іріктеуден өту мақсатында, науқастанған кезде медициналық сақтандыру қызметтерін көрсету мүмкіндігі туралы ресми сұратуды «KEGOC» АҚ-ға, мына электрондық почтаға: Medetbekova@kegoc.kz  жіберу қажет.

Барлық қажетті мәселелер бойынша +7 (7172) 690417, +77011117816 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады.

Сатып алу құжаттамалары