«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ спартакиадасында KEGOC қола жүлде алды.

Қазақ

16.09.2013

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ спартакиадасында KEGOC қола жүлде алды.

16 қыркүйек 2013 ж.

«KEGOC» АҚ құрамасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бірінші спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді.

Спорттың 5 түрі бойынша өткен ақтық ойыннан кейін, алғашқы орынға «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, екінші орынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ шықты, ал қола жүлде электр энергетикасының еншісіне тиді. Жалпыкомандалық үшінші орынды «KEGOC» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ бөлісті. Біздің спортшылардың қанжығасында – мини-футбол мен волейболдан  күміс жүлде, үстел теннисі мен шахматтан төртінші орын. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 15 қыркүйекте «Назарбаев университеті» спорт кешенінде өтті. Жарысқа Қордың еншілес бағынысты ұйымдарынан  19 команда қатысқан болатын.    

DSC07835.JPG

DSC08249.JPG

DSC07828.JPG