Сенаторлар «КЕGОС» Акционерлік қоғамының офисі мен ЖО ҰДО филиалын аралады

Қазақ

29.03.2011

Сенаторлар «КЕGОС» Акционерлік қоғамының офисі мен ЖО ҰДО филиалын аралады

Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің депутаттары «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2 нысанында және «КЕGОК» АҚ-ның  Ұлттық диспетчерлік орталығында болды.

Елорданы жылу және қуатпен қамтамасыз етуге, тариф қалыптастыруға қатысты депутаттар сауалдарына «Астана-Энергия» АҚ бас директоры Л.Ларичев жауап берді. ЖО ҰДО орталық диспетчерлік басқару пультіне келген депутаттарға «КЕGОК» АҚ Басқарма төрағасы А.Сатқалиев компания жұмысы туралы мәлімет беріп, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

Бұл нысандарға сапар «Қазақстан электр энергетикасының жағдайы мен келешектегі дамуы» тақырыбы бойынша өтетін дөңгелек үстел отырысына әзірлік аясында болды. Комитет депутаттары сонымен қатар Екібастұз энергетика кешені мен салынып жатқан Мойнақ су электр станциясына баруды жоспарлап отыр.

http://www.parlam.kz/kk/senate/news-details/id3673/1/1