Ташкенте өткен қатарлас жұмыс режимі жөніндегі келіссөздер қорытындылары туралы

Қазақ

29.12.2011

Ташкенте өткен қатарлас жұмыс режимі жөніндегі келіссөздер қорытындылары туралы

2011 жылғы 26-27 желтоқсанда Ташкент қаласында  Қазақстан делегациясының  Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен «Өзбекэнерго» МАК өкілдерімен келіссөздері болып өтті. Оған Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бакытжан Қажиев, өзбек жағынан – Өзбекстан Республикасы Үкіметінің вице-премьері Гуломжон Ибрагимов пен «Өзбекэнерго» МАК Басқарма төрағасы Батырджан Тешабаев қатысты.

Кездесу барысында ағымдағы КҚК Өзбекстан  энергия жүйесі жұмысының  теңгерімсіздігіне байланысты  мәселелер талқыланды. Ташкенте өткен келіссөздердің қорытындылары бойынша  Қазақстан БЭЖ-ден  электр энергиясы мен  қуатын  келісім-шарттарсыз алуды болдырмау жөнінде өзбек жағының  дереу шаралар қабылдауы туралы және  келісім-шартсыз алынған электр энергиясына  және  қуатты реттеу жөніндегі  қызметке  ақы төлеуге арнап шарттарды ресімдеу туралы  уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай,  2011/2012 жылдардың күзгі-қысқы  кезеңі басталғалы бері  Қазақстанның Біртұтас энергия жүйесінің (БЭЖ) шекарасында өзбек энергия жүйесінің тарапынан  мемлекетаралық  сальдо-ағынның сақталмауы және  қуатты үнемі алып тұратыны тіркелді, бұл  Орталық Азияның  Біріктірілген энергия жүйесінің  орнықсыз қатарлас жұмысына әкеп соғады. 400 МВт-ден 700  МВт-ге дейінгі  қуатты алып қоюы сияқты өзбек әріптестеріміздің келіспей жасаған іс-әрекеттерінің салдарынан  «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің желілерінде кейбір учаскелер оқшауланған күйінде жұмыс істеуге бөлініп кетіп, әрі  тұтынушыларға  қысқа мерзімдік шектеу жасауға әкеп соқты және  бірнеше рет істен шығулар орын алды.

Өзбекстанда энергетикалық режим жөніндегі  ағымдағы ахуал  өткір күйінде қалып отыр – электр энергиясын  өндіру деңгейі  жеке қажеттіліктерге жетпейді. 27 желтоқсандағы  келісім-шартсыз  электр энергиясын тұтыну көлемі 11 млн. кВтс құрады,  кешкілік уақытта  қуатты алудың ауытқуы 600 мВт-ға жетті.