Трансформация ЖАРЫҚ (СВЕТ) арқылы

Қазақ

Ағымдағы жылдың 8 тамызында «Энергоинформ» АҚ Оқыту орталығында  «KEGOC» АҚ команда құрайтын көшпелі семинар өткізілді.  Бұл іс-шараға Бизнесті транформациялау бағдарламасын іске асыруға тартылған компания басшылығы мен қызметкерлері қатысты.   

«ЖАРЫҚ» («СВЕТ») корпоративтік құндылықтар моделі семинардың басты тақырыбына айналды. Бұған дейін корпоративтік құндылықтар Компанияның Басқармасымен мақұлданды және бұл қызметкерлердің өзін өзі үздіксіз жетілдіруі, әрбір қызметкерді, оның ойлау қабілеті мен мінез-құлқын трансформациялау арқылы KEGOC корпоративтік мәдениетін дамытуға бағытталды. Семинарға қатысушылар жарыс кезеңдерінен өтіп, зияткерлік тапсырмаларды шешті және шығармашылық тапсырма орындады, семинар барысында өндірістік міндеттерді сапалы шешуге қажетті білім мен дағдылар алды. 

  

Компанияның Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтың айтуы бойынша мұндай іс-шаралар ұжымды дамыту және  ауызбіршілігін арттыру үшін керемет құрал болып табылады. «Біз үшін әрбір қызметкердің компания құндылықтарын түсініп, құрметтеуі, сонымен қатар KEGOC стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуінде өз рөлін білуі маңызды. Бұл корпоративтік мәдениеттің бір ортақ идея айналасында бірігуге және біздің компанияның ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыруға көмектесетін бөлігі болып табылады» - деп атап өтті KEGOC басшысы.

Ол сонымен қатар барлық қызметкерлерге белсенді атсалысып, жемісті  еңбек еткені үшін алғыс білдірді. «Кегоктықтар» құндылықтарын білдіретін сегіз бөліктен жиналған маяк семинардың шарықтау шегі болды.  Ал, KEGOC командасының идеясы бойынша барлық құрылымды біріктіріп тұрған жарық  алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу жолындағы ЖАРЫҚ (свет) символына айналды.  

Өткізілген семинар туралы суреттермен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://yadi.sk/d/v80UBMAgAivWYA