Жалғыз акционер KEGOC-тың 2010 жылғы қаржылық есептілігін бекітті

Қазақ

08.06.2011

Жалғыз акционер KEGOC-тың 2010 жылғы қаржылық есептілігін бекітті

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ 2010 жылдың дивиденділерін акцияларының жалғыз иеленушісі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға төлейді.

2011 жылғы 26 мамырда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен "KEGOC" АҚ-ның 2010 жылғы қаржылық есептілігі бекітілді. Осы есепті бұдан бұрын тәуелсіз аудитор - «Делойт» ЖШС аудиторлық компаниясы растаған болатын

Жылдық қаржылық есептілікке сәйкес "KEGOC" АҚ-ның жиынтық активі 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 180,36 млрд теңгені құрады, ал 2009 жылғы 31 желтоқсанда бұл көрсеткіш 176,46 мың теңгені құраған болатын, өзіндік капитал да 113,41 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Компанияның атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметінен түскен түсім 44,408 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылғы деңгейден 36%-ға артық.  Компанияның 2010 жылғы таза табысы 5,796 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткішке негізінен көрсетілген қызмет көлемінің өсуі мен бағамдық айырмада шығасының болмауынан қол жетті деуге болады.

Таза табысты бөлу тәртібіне сәйкес осы қаржының 15% немесе 869 млн. тенгесі  дивиденд төлеуге жұмсалып, 85% немесе 4,926млрд. тенге "KEGOC" АҚ иелігінде қалып, даму мақсаттарына жұмсалмақ.

Дивидендінің  бір жай акцияға шаққандағы бекітілген мөлшері – 82,61 (сексен екі теңге алпыс бір тиын) теңге.

"KEGOC"АҚ Қазақстан Біртұтас электр торабының Жүйелік операторы қызметін атқарады. "KEGOC" АҚ жарғылық капиталының 100% акциялар топтамасы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ меншігінде.