Жаңғырту кеңесі: Жол картасын орындау мәртебесі және «KEGOC» АҚ жобаларының жаңартылған портфелі

Қазақ

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында«KEGOC» АҚ кезекті Жаңғырту кеңесі өтті. Жаңартылған бағдарламалық құжаттарды қарау, соның ішінде жобалар портфелі және  2015 – 2022 жж. арналған болжалынатын қаржылық көрсеткіштер күн тәртібінің негізгі мәселелері болыптабылды. Сонымен қатар, кезекті Кеңесте кеңестің құрамына қатысты кадрлық мәселелер қаралды. Осылайша, «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Қазиев Х.А. Жаңғырту кеңесі төрағасының жаңа орынбасары болып, ал Бизнесті трансформациялау бағдарламасының менеджері Ахметов Е.К. хатшысы  болып  бір ауыздан сайланды.

Отырыс барысында Бағдарламаның қаржылық көрсеткіштері қаралды. Жаңарту жоспарлау шегінің 2022 жылға дейін кеңеюімен, сонымен қатар Акционердің  болжалдары туралы хатқа сәйкес түзетулер енгізуімен негізделеді.  Осылайша,  2015-2022 жж. болжалдық мерзім бағдарламасына инвестициялар –  13 756 млн. тг., ал Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асырудың пайдасы шамамен 46 667 млн. тг құрайды.

Қор  Басқармасының төрағасы Ө.Е.Шөкеев 2017 жылғы 26 маусымда бекіткен 2017 жылға арналған Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жол картасын іске асыру мәртебесі  күн тәртібінің басқа мәселесі болды. Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Казиев Х.А. атап өткендей, қазіргі уақытта 2017 жылға арналған Жол картасының  жоспарланған 22 Бақылау нүктелерінің 11-і орындалған. Бұл ретте, қолданыстағы Жол картасының 7 БН 2018 жылға өтеді. Жоғарыда атап өтілген бақылау нүктелерін іске асыру жобада кеңесшінің болуына тікелей қатысты болды. Кеңесшіні тартудағы бөгеліс белгіленген БН іске асыру мерзімдерінің өзгеруін туындатты. 2017 ж. аяғына дейін барлығы 15 бақылаушы нүкте іске асады. Жаңартылған Жол картасына 2017 жылдың ауыстырылған бақылау нүктелерінен басқа 2018 жылғы жаңа бақылау нүктелері кіреді.

Жаңғырту кеңесінің барысында жаңартылған портфель жобасы тыңдалды. «Іске асыру» жаңа кезеңінің басы, сонымен қатар Қор тарапынан ұсыныстарды есепке алу портфельдің оңтайландырылуына және қайта құрылымдануына әкеп соқты. Іске асырылған, сонымен қатар 2017 жылы аяқталатын жобалар жойылды. Нысаналы процестерді ендіру жөніндегі жобалар KEG01 «Мекеме процестерін ендіру» жобасына біріктірілген. Осылайша, жаңа редакциядағы жобалар портфелі 7 жобадан тұрады.

Отырыс мәлімделген барлық мәселелерді болмашы түзетулер енгізе отыра мақұлдаумен аяқталды.