Жеңіске жетеміз!

Қазақ

13.09.2013

Жеңіске жетеміз!

2013 ж. 12 қыркүйек

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ алғашқы спартакиадасының өтуі қарсаңында, 12 қыркүйекте «KEGOC» АҚ-ның құрама командасы Астана қаласындағы Атқарушы дирекция кеңсесінде «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Төлеуқажыұлы Қажиевпен кездесті. Басшы жарысқа қатысушылардың көпшілігін спорт алаңында жүріп білетіндіктен әңгіме тартымды өтті. Алдағы болатын жарысқа дайындық және ұйымдастыру мәселелерін талқылай келе Басқарма төрағасы команданың Қор спартакиадасында сәттілікке жетуіне тілек білдірді. Құрама команда Солтүстік ЖЭТ (Екібастұз), сонымен қатар Шығыс және Ақмола ЖЭТ филиалдарының қызметкерлерінен, ЖО ҰДО мен «Энергоинформ» АҚ қызметкерлерінен жинақталды. Спартакиада бағдарламасы бойынша қатысушылар спорттың 5 түрінен – шағын футбол, волейбол, үстел үстіндегі теннис, шахмат пен асық атудан бақ сынасады. Жарыс ағымдағы жылдың 14-15 қыркүйегінде Назарбаев Университетінің спорт орталығында өткізілмек.

IMG_1846.JPG

IMG_1840.JPG

IMG_1852.JPG      

DSC_0451.JPG