«Жер сағаты» акциясын өткізу уақытында Қазақстан БЭЖ-де энергия тұтыну деңгейі туралы

Қазақ

02.04.2012

«Жер сағаты» акциясын өткізу уақытында Қазақстан БЭЖ-де энергия тұтыну деңгейі туралы

Ғаламдық «Жер сағаты» акциясын өткізу мезгілі ішінде Қазақстан БЭЖ-де  энергия тұтыну 113  Мегаватт-қа (МВт) артты. 

Қазақстан БЭЖ Жүйелік операторының деректері бойынша ү.ж. 31 наурызында 20.30-да тұтынылатын қуаттың жалпы деңгейі (АСТ) 10 987  МВт-ты құрады.

Жарты сағат ішінде осы көрсеткіш 11203 МВт-қа дейін өсті және акцияның аяқталу тұсында, 21.30-да 11 100 МВт-қа дейін төмендеді.

Ғаламдық акцияны өткізу үшін таңдалған уақытқа энергия тұтынудың ауа райына айтарлықтай дәрежеде тәуелді ең жоғарғы шегі тұспа-тұс келетінін атап өткен жөн.

ЖО ҰДО жүргізген өлшемдер бойынша өңірлер бойынша аталған мерзім ішіндегі энергия тұтыну тек 5 облыста ғана азайған -  Алматы (74 МВт), Оңтүстік Қазақстан (34 МВт), Шығыс Қазақстан (18 МВт), Маңғыстау (5 МВт) және Жамбыл (1 МВт).

Тұтынылатын қуаттың (МВт) елеулі өсімі Павлодар  энерготорабында   (+92), Қостанай  (+40) және Ақтөбе (+28)  облыстарында байқалды.

2011 жылы «Жер сағаты» акциясын жүргізу кезеңінде  Қазақстан БЭЖ-де энергия тұтыну 12 МВт-қа немесе 11048 МВт-қа дейін төмендегені тіркелген болатын.

ҚР БЭЖ-нің «Жер сағаты» мезгілі ішіндегі тұтынуы. 31.03.2012 ж. (26.03.2011 ж. салыстырғанда)

Жергілікті уақыт (Астана)

ҚР БЭЖ тұтынуы

2012 ж. 31 наурыз

2011ж. 26 наурыз

19:30

10637

10501

20:00

10931

10719

20:30

10987

11060

21:00

11203

11093

21:30

11100

11048

22:00

10982

10944

22:30

10752

10773