Жүйелік оператор Өзбекстан Республикасының энергия жүйесімен қатарлас жұмыс режимінен шығу мәселесін қарастыруда

Қазақ

10.11.2011

Жүйелік оператор Өзбекстан Республикасының энергия жүйесімен қатарлас жұмыс режимінен шығу мәселесін қарастыруда

Бұрын хабарланғандай, биылғы күзгі-қысқы мезгіл басталысымен өзбек энергия жүйесі Қазақстан БЭЖ-нен қуат пен электр энергиясын келісімшартсыз алуда, бұл жайт оңтүстік өңірді электрмен жабдықтау сенімділігіне елеулі әсерін тигізіп отыр.

 Өзбекстан энергия жүйесінің теңгерімсіз жұмысы «Солтүстік – Оңтүстік» транзиті желілерінің шектік жүктемесіне әкеліп, желі мүмкіндіктерін Қазақстан тұтынушыларының қажеттілігін қамтамасыз етуге пайдалануға мүмкіндік бермеуде.

Осындай жағдайда энергия жүйесінде тұтынушылар ішінара ажыратылатын технологиялық бұзылыстарды болдырмауға бағытталған аварияға қарсы  автоматиканың жиі іске қосылуы күн сайын қайталанып отыр.   

Мәселен, 9 қарашада, сағат  18:05-те жүктемені шектеудің  арнаулы автоматикасы арқылы  (ЖШАА)  Өзбекстанда электр тұтыну 100  МВт-қа, Қазақстанның оңтүстігінде 220  МВт-қа дейін кеміді.

«Өзбекэнерго» МАК-ның іс-қимылдарын теңгерімсіздейтін қолайсыз ауа райы құбылыстарының (температураның төмендеуі) және Жамбыл мен  Оңтүстік Қазақстан  облыстарындағы энергия көздерінде өндіруді арттыру ресурстарының болмауы салдарынан Жүйелік оператор Өзбекстан Республикасының энергия жүйесімен қатарлас жұмыс режимінен шығу мәселесін қарастыруда.