Түркістан қ. сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілерді салу

Қазақ

    

Жоба мақсаты: Түркістан энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019-2022 гг.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда

9,93 млрд. теңге.

Жобаны болжамды қаржыландыру: меншік қаражаты

Іске асырылатын жер: Түркістан облысы.

Жобаның сипаты: жоба шеңберінде  Түркістан қ. ауданында жұмыс істеп тұрған 220 кВ желіге қосылатын 220кВ қосалқы станцияны салуды көздейді. 220 кВ жаңа қосалқы станция Түркістан энергия торабын электрмен жабдықтаудың қосымша орталығын қамтам асыз етеді. Осының есебінен жергілікті таратушы электр желісін дамыту үшін жағдайлар жасалады. Жобаның қажеттілігі болжалынғанТүркістан энергия торабында электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуіне негізделген.

 

Ағымдағы дәрежесі: Жобаның ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды (28.11.2019 № 01-0489/19).

«АСПМК-519» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, жабдықтың кейбір түрлерін жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау қоса алынған «кілтпен тапсыру» талаптарымен 14.07.2020ж. № 442101/2020/1 шарты жасалды. Қазіргі уақытта «Орталық» ҚС салу және 220 кВ ӘЖ (Л-2309, Л-2439) қайта салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Есептік кезеңде инженерлік-геодезиялық іздестірулер орындалды және инженерлік іздестірулер бойынша есептер келісілді.