Ұлттық энергожүйе

Қазақ

Қазақстан Республикасы электр энергетикасының құрылымы

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

• энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары-деңгейде қанағаттандыру және тұтынушылардың ішкі нарықта электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру жолымен электр және жылу энергиясы нарығының қатысушыларының құқықтарын қорғау;

• Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

• еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды  құралы саналатын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы.

Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:

• электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

• электрмен жабдықтаудың үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;

• жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялаушы қондырғыларды салу ға үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі, сонымен қатар осы нарықта қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзылулардың алдын алу және оларды жою бойынша қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

• Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді,

• Электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникалары қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр станциялараның жылу механикалық жабдықтарын және жылу желілерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникалары қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электрмен жабдықтауды авариялық және технологиялық брондау актісін құру бойынша нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукцион) сатылатын, сатып алынатын мүлік (активтер) тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды;

• Электрмен жабдықтау сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

• Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Тозаң тектес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылу қауіпсіздігінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр желілердің күзетілетін аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер телімдерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Әуелік электр жеткізу желілерінің тіреулерін орналастыруға арналған жер телімдерінің көлемдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр жеткізуші ұйымдардың электр энергиясын жеткізу бойынша қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Құралдар мен аспаптармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Біртұтас электр энергетикалық жүйе, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзылушылықтарды тексеру және есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Техникалық жаңарудан кейін электр станцияларының энергия объектілерін, электрлік және жылу желілерін пайдалануға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Энергетикада жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау турал ережені әзірлейді және бекітеді;

• Жылу энергиясын босатуды және жылу тасымалдағышты есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр станциялары, жылу және электр желілерінің жабдығын, ғимараттарын және үй-жайларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жылу электр станцияларының  электр қуатын шектеуді келісу қағидаларын және бұл шектеулерді қысқарту бойнша іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;

• Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясының орталықтандырылған сацда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қондырғылардың техникалық жай-күйін және пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін басшылықтың, өндірісті, электр және жылу энергиясын жеткізуді жүзеге  асыратын ұйым мамандарының техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін білікті тексеру өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Сараптау ұйымдарын және әзірлеуші зауыттарды жұмылдырып, электр станциялары, электрлік және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттар мен үй-жайлардың, сонымен қатар тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйін мерзімдік тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жүйелік операторды белгілейді;

• Мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртаңбасының және пломбысының үлгісін белгілейді; 

• Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде отынның пайдалану қорының нормаларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Өз құрызетінің шеңберінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну, сонымен қатар электр қуатының дайындығын ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

• Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сонымен қатар оларды белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

• Энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясы шығындарының нормаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

• Жабдықты жобалау, салу, пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамасы салаларында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді; 

• Энергия өндіруші ұйымдардың Электр энергетикасы туралы заңның 13-бабы 3-2-тармағы 3) тармақшасында қарастырылған талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

• орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторын белгілейді; 

• мемлекеттік техникалық инспекторлардың аткілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

• Қазақстан Республикасының территориясында Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесімен электр байланысы жоқ аймақтар үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және ұйымдастыру ерекшеліктерін белгілейді;

• Мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртаңба және пломбалау тетігін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптау ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

• Инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;

• Электр қуаттарын орналастырудың перспективті схемасын әзірлейді және бекітеді;

• Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;

• Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендер қорытындылары бойынша берілген тендердің жеңімпазымен шарт жасайды;

• Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасайды;

• Электр энергиясы мен қуатының болжалды теңгерімдерін бекітеді;

• Энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

• Электр энергиясының шектік тарифтерін бекітеді;

• Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерге шектік тарифтерді бекітеді;

• Электр энергиясын сатушы энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

• Электр энергиясына шектік тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шектік тарифті және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке шектік тарифті бекіту тәртібін белгілейді;

• Жүйелік оператордың Электр энергетикасы туралы Заңның 15-2-бабы 2-тармағында қарастырылған талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

• Өзінің интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдардың  электр энергиясын сату және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді көрсету тәртібін бұзуы туралы ақпаратты және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат орналастырады;

• Электр энергиясына шектік тарифтерді бекіту кезінде есепке алынатын тіркелген пайданы анықтау, сонымен қатар теңгерімделетін электр энергиясына шектік тарифті бекіту кезінде есепке алынатын теңгерімдеу үшін тіркелген пайданы анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

• Нарық кеңесін белгілейді, сонымен қатар нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифтерді, Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтің көлемдерін және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға өткізілген тендерлердің жеңімпаздарымен жасайтын шарттары үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

• Әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасайды;

• Электр энергиясы мен қуатының болжалды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

• Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды  әзірлейді және бекітеді;

• Бірыңғай сатып алушыны белгілейді;

• теңгерімдейтін электр энергиясына шектік тарифтерді бекітеді;

• генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифтерді, Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтің көлемдерін және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының уәкілетті органмен жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасаған әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен шарт жасауы үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

• электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының құрамына жылуэлектрорталықтары кіретін әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен жасайтын шарттары үшін электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызмет көлемін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• бірыңғай сатып алушының  электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет бағасын есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Бекітілген Қағидаларға сәйкес Тізілім құрады және оны жүргізеді;

• Тізілімді құру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжалды тапшылықты өтеу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Энергия өндіруші ұйымдар мен Тізілімге енгізілген тұтынушылар пайдалануға енгізетін генерациялаушы қондырғыларға арналған отынды орналастыру орнын (алаңын), типін және түрін келіседі;

• Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстар, республикалық маңызы бар калалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;

• Жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

• Тұтынушыларды электр станцияларының тізіліміне енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

• Электр станцияларының тізілімін бекітеді;

• Осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқада заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде қаралған басқа да уәкілеттікті жүзеге асырады. 

Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті жүзеге асырады. 

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

• электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының сақталуын;

• электр станцияларының энергетикалық жабдықтарының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

• электр энергиясын өндіру, жеткізу, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін;

• электр энергетикасы салсындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасының қағидаларын білуін тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеу және босатуды қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады.

Энергетикалық бақылау:

• электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың талаптарының сақталуы;

• өз құзыретінің шеңберінде электр энергетикасы саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуы;

• электр және жылу энергиясын тиімді және үнемді пайдалану, өндіру режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;

• электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:

• электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілері мен жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

• негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргізеді;

• қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;

• Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;

• Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

• табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

• электр және энергия қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуге;

• Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;

• энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексерулер және электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;

• әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда (с.і. электр энергетикасы саласында) басшылық ететін мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті болып табылады. 

Нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелістікті қорғау және дамыту, сонымен қатар белгілі бір тауар нарығында үстем нарық субъектілерінің (с.і. электр энергиясының нарығында) қызмет көрсету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бақылау-қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасында электр энергетикасы саласында әрекет ететін заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілер:

• «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;   

• «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;   

• «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 04.07.2009ж. заңы;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 740 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 300 қаулысымен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 Қаулысымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидалары;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 932 Қаулысымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары;

• Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары;

• Басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын басқарудың қолданыстағы моделін жетілдіру  және  мемлекеттік активтерді тиімді басқару мақсатында Президенттің Жарлығымен 2008 жылғы қазанда «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ мен «Қазына»  мемлекеттік тұрақты даму қорын біріктіру жолымен  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – энергетика, телекоммуникацияны, көлік салаларын және даму институттарын қоса алғанда, экономиканың түрлі саласындағы ұлттық компанияларға иелік ететін және оларды басқаратын   мемлекеттік холдинг компаниясы. 

Сала үрдісіне шолу (баланстар)

Жүктеменің жылдық максимумы

2019ж. жүктеменің жылдық максимумы 26 қарашада 19-00-де тіркелді және 15 182 МВт құрады. 2018 ж. (2018 ж. 25 желтоқсан 19-00 сағ.) максимуммен салыстырғанда жүктеме максимумы 359 МВт-ға немесе 2,4%-ға артты.

Генерация 14881 МВт құрады, бұл 2018 ж. осындай көрсеткіштен 326 МВт-ға немесе 2,2 %-ға жоғары.

Бұл ретте сыртқы сальдоланған қуат ағыны 301 МВт құрады. Олардың ішінде Ресейден қабылдау - 438 МВт, Орталық Азияға беру – 137 МВт.

Электр энергиясын өндіру

2019 ж. есептік кезеңдегі Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру 106029,8 млн.кВтсағ құрады, соның ішінде:

жылу электр станциялары

85955,0 млн.кВтсағ

гидро электр станциялары

9984,9 млн.кВтсағ

газ турбиналық электр станциялары

8975,6 млн.кВтсағ

КЭС, ЖЭС және БГУ

1114,3 млн.кВтсағ

Электр энергиясын өндіру 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда767,3 млн.кВтсағ.-қанемесе  0,7 %-ға азайды.

Бұл ретте мына ірі электр станцияларында өндіру артты:

ГРЭС "Топар" ЖШС

- 594,8 млн.кВтсағ-қанемесе 14,4%-ға;

Жезқаз. ЖЭО "Kazakhmys Energy" ЖШС

- 450,1 млн.кВтсағ-қанемесе 37,2%-ға;

ЖЭО-2 "Арселор Миттал Теміртау" АҚ

- 304,1 млн.кВтсағ-қанемесе 17,3%-ға;

"СевКазЭнергоПетропавловск" АҚ

- 261,8 млн.кВтсағ-қанемесе 8,2%-ға;

"3-Энергорталық"(Шым.ЖЭО-3) АҚ

- 231,9 млн.кВтсағ-қанемесе  51,0%-ға;

"Жамбыл МАЭС» АҚ

- 86,4 млн.кВтсағ-қанемесе 4,8%-ға;

"АлЭС АлматыЖЭО - 2" АҚ

- 36,5 млн.кВтсағ-қанемесе 1,4%-ға.

 

Электр энергиясын өндіруді азайтқандар қатарында: 

Екібастұз ГРЭС-1

-  820,1 млн.кВтсағ-қанемесе 4,3%-ға;

"ЕЭК" АҚ

-  1291,6 млн.кВтсағ-қанемесе 8,6%-ға;

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы

- 507,0 млн.кВтсағ-қанемесе  9,3%-ға;

ЖЭО-3 "Павлодарэнерго" АҚ

- 158,1 млн.кВтсағ-қанемесе 5,1%-ға;

"АлЭС Алматы ЖЭО-3" АҚ

- 127,8 млн.кВтсағ-қанемесе 10,8%-ға;

лЭС Алматы ЖЭО-1" АҚ

-  45,8 млн.кВтсағ-қанемесе 11,9%-ға;

Балқаш ЖЭО "Kazakhmys Energy" ЖЭО

- 38,3 млн.кВтсағ-қанемесе 3,5%-ға.

ЖЭО-1 " Қазақстан Алюминийі" АҚ

- 19,4 млн.кВтсағ-қанемесе  0,9%-ға;

«Жамбыл МАЭС» АҚ газды жеткізудің болмауы салдарынан 2018 ж. 26 маусымнан бастап 8 қазанды қоса алғанда тоқтатылды. 2018 ж. 9 қазаннан бастап станция 1 блокпен іске қосылды, 17 қазаннан бастап 2 блок жұмыс істеуде.  2019 жылы ЖМАЭС екі блоктык режимде сәуір айына дейін жұмыс істеді. Сәуірден бастап қыркүйекті қоса алғанда бір блоктык режимде. 1 қазаннан бастап екі блоктык режимде.

Электр энергиясын Қазақстан ГЭС-інде өндіру 2018 ж. осындай кезеңмен салыстырғанда 358,1 млн.кВтсағ-қа (3,5%) азайды. Станция жұмысының режимі су шаруашылық теңгеріммен және гидрологиялық жағдаймен анықталды.

Электр энергиясынЖЭС-да өндіру 840,1 млн.кВтсағ-қа (1,0%) азайды. ҚазақстанГТЭС-те өндіру 143,7 млн.кВтсағ-қа (1,6%) азайды.

Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру құрылымы 2018 ж. салыстырғанда

 

2018 ж., %

(есептік кезең)

2019 ж., %

(есептік кезең)

Барлығы

100,0

100,0

Соның ішінде ЖЭС

81,3

81,0

          ГЭС

9,7

9,4

          ГТЭС

8,5

8,5

КЭС, ЖЭС және БГҚ

0,5

1,1

Электрэнергиясын тұтыну

Қазақстанның электр энергиясын тұтынуы 2019 ж. есептік кезеңде 2018 ж. осындай кезеңмен салыстырғанда 1964,8 млн.кВтсағ-қа (1,9%) артты және105193,1 млн.кВтсағ құрады. Электр энергиясын тұтыну Солтүстік аймақ бойынша 1197,3 млн.кВтсағ-қа (1,8%), ҚазақстанныңОңтүстік аймағы бойынша 740,6 млн.кВтсағ-қа (3,4%) артты. Батыс аймақтың электр энергиясын тұтынуы 26,9 млн.кВтсағ-қа (0,2%) артты.

электр энергиясын тұтынуы артты:

 

"УКТМК" АҚ

- 192,2 млн.кВтсағ-қанемесе  28,3%-ға;

"KazakhmysSmelting" ЖШС

- 153,7 млн.кВтсағ-қанемесе 15,0%-ға;

"Казцинк" ЖШС

- 143,8 млн.кВтсағ-қанемесе 5,3%-ға;

"Казфосфат"ЖШС

- 107,0 млн.кВтсағ-қанемесе 5,1%-ға;

Казхром ТҰҚ "АқсуФЗ"

- 100,0 млн.кВтсағ-қанемесе 1,8%-ға;

"АМӨЗ"ЖШС

- 63,4 млн.кВтсағ-қанемесе 8,9%-ға.

"Қазақстан электролиз зауыты" АҚ

- 60,7 млн.кВтсағ-қанемесе 1,6%-ға;

"ТНК Казхром"ТНК АҚ

- 58,6 млн.кВтсағ-қанемесе 1,9%-ға;

"Соколов-Сарыбай ГПО" АҚ

- 27,8 млн.кВтсағ-қанемесе 1,5%-ға;

"Қазақмыскорпорациясы (ЖЦМ, БЦМ)" ЖШС

- 16,9 млн.кВтсағ-қанемесе 1,4%-ға;

" Қазақстан Алюминийі" АҚ

- 5,4 млн.кВтсағ-қанемесе  0,6%-ға.

 

2018 ж. электр энергиясын өндіруді азайтты:

"Арселор МитталТеміртау" АҚ

- 225,1 млн.кВтсағ-қанемесе  5,8%-ға;

 

 

2019 ж. есептік кезеңде 2018 ж. осындай кезеңмен салыстырғанда Қарағанды облысы бойынша 671,8 млн.кВтсағ-қа (3,9%), Алматы облысы бойынша - 364,2 млн.кВтсағ-қа (3,3%) электр энергиясын тұтынудың максималды өсуі атап өтіледі.

Қазақстан аймақтары бойынша электр энергиясын тұтыну құрылымы мынадай:

- Қазақстан

105193,1 млн.кВт.сағнемесе 100,0%

- Солтүстік аймақ

69053,6 млн.кВт.сағнемесе 65,6%

- Оңтүстік аймақ

22680,7 млн.кВт.сағнемесе 21,6%

- Батыс аймақ

13458,8 млн.кВт.сағнемесе 12,8%

Электр энергиясының ағындары

Есептік кезең ішіндегі электрэнергиясының Ресейден сальдо-ағыны – 125,7 млн.кВтсағ (2018 ж. Ресейге3566,0 млн.кВтсағ). Бұл реттеэлектр энергиясының Ресейге экспорты1281,4 млн.кВтсағ (2018 ж. – 4876,2 млн.кВтсағ), азаюы 3594,8 млн.кВтсағ құрады. Электр энергиясының Ресейден импорты – 1407,1 млн.кВтсағ ( 2018 ж. – 1310,2 млн.кВтсағ), артуы 96,9 млн.кВтсағ. Экспорт және импорт РФ-ден теңгерімделуші электр энергиясының көлемін есепке ала отырып келтірілген.

Орталық Азияға сальдо-ағын – 962,4 млн.кВтсағ. Бұл ретте электр энергиясының Қырғызстанға экспорты 273,0 млн.кВтсағ (тауар алмасу туралы шарт шеңберінде 269,238 млн.кВтсағ), импорт 277,2 млн.кВтсағ (тауар алмасу шамасы 269,238 млн.кВтсағ) құрады. Тауар алмасу туралы шарт шеңберінде Тәжікстаннан жеткізілген электр энергиясының көлемі, сонымен қатар қайтару 13,409 млн.кВтсағ құрады. Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-дан Өзбекстанға экспорт - 966,6 млн.кВтсағ.