Ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметі

Қазақ

«KEGOC» АҚ мен ЕБҰ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметі

«KEGOC» АҚ мен ЕБҰ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметі (бұдан әрі– ҰӨҚ) «KEGOC» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясына және Инновациялық-технологиялық стратегиясына сай Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне бағытталған. 

Компания мен ЕБҰ-да ҰӨҚ-ны ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар:

- ҰӨҚ-ны жандандыру және Компания мен ЕБҰ еңбеккерлерінің жаппай техникалық шығармашылығын ары қарай дамыту;

- Компания мен ЕБҰ еңбеккерлерінің өз еңбектерінің нәтижелеріне қызығушылығын, техникалық шығармашылығын моральдық және материалдық ынталандыру жолымен арттыру.

Нормативті база

«KEGOC» АҚ – дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметі «KEGOC» АҚ Басқармасымен 2013 жылы бекітілген «KEGOC» АҚ-да және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметті ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Идеяларды жинауға арналған онлайн алаң

Компанияның ішінде ұтымгерлік идеяларды жинау, қарау және талқылау үшін тиімді алаңды құру мақсатында, сондай-ақ олардың тартымдылығы мен іске асырушылығын талдау мақсатында 2014 жылы «KEGOC» АҚ-ның ішкі корпоративтік порталында «KEGOC IDEA» бөлімі (одан әрі – Бөлім) құрылды. Бөлімнің іске қосылуы барлық өтінімді қарау үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік жасады, бұл өз кезегінде өтінімді бергеннен бастап ақырғы шешім қабылдағанға дейінгі уақытты айтарлықтай қысқартты. Сонымен бірге, артық қағаз жұмысы да қысқартылды.  

Өтінішті беру және қарастырылу тәртібі

1) Идеяны электронды түрде ішкі корпоративті порталда «KEGOC IDEA» бөлімінде ұтымгерлік идея ретінде ұсыну;

2) Ұсынылған идеяны алдын-ала тексеру;

3) Бейінді құрылымдық бөлімшенің ұсынысты қарауы және сараптамалық қорытынды беруі;

4) Инновациялық-технологиялық даму жөніндегі комитет мүшелерінің өтінімдерді талқылауы және ұсыныстарды ұтымды деп тануы;

5) Сыйақы (материалдық/материалдық емес) және ұтымгерлік идея куәлігін алу.

Сыйақы түрлері

Компанияда және ЕБҰ-да енгізілген ұтымгерлік идея үшін материалдық сыйақы мөлшері екі санат бойынша анықталады:

1) бірінші санат-экономикалық тиімділігі жоқ немесе экономикалық тиімділігі аз ұтымгерлік идея. Бұл енгізуден экономикалық тиімділік күтілмейтін немесе экономикалық тиімділігі 2 000 000 теңгеге дейінгі ұтымгерлік идеялар. 1-санат бойынша ұтымгерлік идеялар үшін сыйақылар мөлшері Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес есептеледі және 200 000 (екі жүз мың) теңгеден аспайды.

2) екінші санат-экономикалық тиімділігі бар ұтымгерлік идеялар. Бұл енгізуінен экономикалық тиімділік 2 000 000 немесе одан да көп теңгені құрайтын ұтымгерлік идеялар. 2-санат бойынша ұтымгерлік идеялар үшін сыйақылар мөлшері нақты жылдық табыс/үнемдеу сомасының 10% - ын құрайды, бірақ 5 000 000 теңгеден аспайды.

Ең белсенді ұтымгерлер сыйақысының материалдық емес түрлеріне мыналар жатады:

1) атқаратын лауазымына сәйкестігіне аттестаттау жүргізудің сараланған немесе сырттай тәсілі;

2) Компанияның Басқарма Төрағасынан мақтау қағаздары мен алғыс хаттары;

3) Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының, «KAZENERGY» қауымдастығының, ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің марапаттарына ұсыну;

4) электр энергетикасы саласы бойынша мамандандырылған конференцияларға, семинарларға және көрмелерге қатысу мүмкіндігі. 

«Үздік ұтымгерлік ұсыныс» конкурсы

«Үздік ұтымгерлік ұсыныс» конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) компанияның ұтымгерлерін ынталандыру және қызметкерлерді ҰӨҚ-ға тарту мақсатында өткізіледі. Конкурс жыл сайын өткізіледі және конкурстың негізгі міндеті ең тиімді ұтымгерлік ұсыныстарды анықтау және көзге түскен ұтымгерлік ұсыныстар авторларын көтермелеу болып табылады.

2020 жылғы өткізілген Конкурс нәтижелері бойынша 2019 жылы мынадай ұтымгерлік ұсыныстар үздік болып айқындалды:

Ұтымгерлік қызметінің мониторингі

2013-2020 жылдар аралығында 204 өтінім ұтымгерлік ұсыныстар ретінде танылды. Компанияның және ЕБҰ-ның 260-тан астам қызметкері ұтымгер болып табылады. Компанияның кейбір қызметкерлерінің ұсыныстары 5 немесе одан да көп рет ұтымгерлік ұсыныс болып танылды. Ең белсенді ұтымгерлер:

2013-2020 жж. аралығында компания бөлінісінде ұтымгерлерлік ұсыныстар статистикасы:

2016-2020 жылдар аралығында ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері:

ҰӨҚ процесін үздіксіз жетілдіру

Жыл сайын "KEGOC" АҚ-да және оның ЕҰ-да өнертапқыштық және өнертапқыштық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізіледі, оған компания филиалдарының қызметкерлері қатысады.  Кеңес барысында ҰӨҚ ұйымдастыру бойынша проблемалық мәселелер, жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланады, сондай-ақ ЖЭТ филиалдары арасында рационализаторлық қызмет жүйесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу жүргізіледі. 

ҰӨҚ-ны ақпараттық қамтамасыз ету, тәжірибені тарату және ұтымгерлік ұсыныстарды ендіруді ұйымдастыру мақсатында Компания ұтымгерлік ұсыныстардың ақпараттық хабаршысын басып шығарады, ол Компания/ЕБҰ қызметкерелері арасына таратылады. Қажет кезінде ұтымгерлік ұсыныс авторының (тең авторларының) Компания объектілеріне ұтымгерлік ұсынысты тікелей ендіру үшін сапары ұйымдастырылады. 

Әрбір  Филиал мен ЕБҰ-да ҰӨҚ үшін жауапты еңбеккерлер тағайындалған, олардың міндеттеріне ҰӨҚ-ға жан-жақты көмек көрсету кіреді. Жылына кемінде бір рет компанияның филиалдарында ҰӨҚ ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету үшін басқа филиалдың жауапкершілік аймағындағы компания объектілеріне шығу іссапарлары орындалады.