Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы

Қазақ

 

«KEGOC» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры

Туған күні: 02.08.1968 ж., Қазақстан Республикасының азаматы

Білімі: 

• 1994 ж. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша аяқтады; 

• 2005 ж. С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетін «Электр энергетикалық жүйелер және желілер» мамандығы бойынша аяқтады; 

• 2017 ж. «Университет НАРХОЗ» АҚ аяқтады, Іскери әкімшілік ету магистері. 

«KEGOC» АҚ акцияларын иеленбеген. 

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: өндірістік активтерді жөндеу және оларға қызмет көрсету, электр энергиясын Ұлттық электр торабы арқылы сенімді және үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандыру құралдарын пайдалану және жаңғырту, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, филиалдармен және еншілес ұйымдармен жұмыс.

Еңбек қызметі: 

2001 – 2007 жж. «KEGOC» АҚ: аудит бөлімінің бастығы, Аудит басқармасының бастығы, «Солтүстік ЖЭТ» филиалының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары, «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының директоры

2007 – 2012 жж. «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілік компаниясы» АҚ Президенті

«KEGOC» АҚ:

2012 – 2015 жж. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары 

2015 – 2017 жж. Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары 

2017 – 2018 жж. Өндірістік активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор 

2018 ж. сәуірден бастап- Өндіріс жөніндегі басқарушы директор 

Марапаттары мен атақтары: 

• «KEGOC» АҚ Құрмет грамотасы (2003 ж.);

• «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» естелік белгісі (2005 ж.);

• «Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі» құрметті төсбелгісі (2008 ж.);

• «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағы (2009 ж.);

• «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы (2009 ж.); 

• «Алматы облысы Қаратал ауданының құрметті азаматы» атағы (2010 ж.);

• «Құрмет» Қазақстан Республикасы орденімен марапатталды (2010 ж.);

• «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.);

• «KAZENERGY» медалі (2015 ж.);

• «Парасат» Қазақстан Республикасы орденімен марапатталды (2016 ж.);

• ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасы (2016 ж.);

• «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі (2017 ж.);

• Интернационалист-жауынгер - Ауғаныстағы КСРО әскери контингенті құрамында әскери іс-қимылдарға қатысушы (1986-1989 жж.). «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.