Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанында азаматтарды, мемлекеттік қызметкерлерді, сонымен қатар басқа да адамдарды мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде хабардар ету және сол бойынша кеңес беру мақсатында Call-орталық1494 (Консультациялық орталық) құрылып, жұмыс істеуде.
Толығырақ ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz сайтынан танысуға болады.
Абоненттер Call-орталыққа бүкіл республика бойынша қалалық телефон және ұялы байланыс операторлары арқылы «1494» нөмірі бойынша (қоңырау тегін) хабарласады. Сонымен қатар азаматтардың электрондық өтініштері мен шағымдары kz. Портал 1494 сайтында да қабылданады.