БАҚ біз туралы

KEGOC жастары Ораза айтты сауапты іске ұластырды

Биылғы Ораза айт мерекесін «KEGOC» АҚ Жастар істері жөніндегі кеңесі ерекше қарсы алды. Компанияның жас қызметкерлері «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының қызметкері Елдар Бұқаевтың баласының еміне қаржылай қолдау көрсету мақсатында «Шын жүректен» қайырымдылық акциясын өткізді. 

Шарапатты шараға «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтан бастап тұтас ұжым ауызбіршілікпен қатысып, қомақты қаржы жиналды. Еншілес кәсіпорын «Энергоинформ» АҚ да игілісті іске өз үлесін қосқаны атап өтерлік жайт.

Таңертеңнен жұмысқа келген акция қатысушылары арнайы қойылған жәшікке ақшалай көмектерін салып, Жастар істері жөніндегі кеңестің мүшелері жайған дастарқаннан ауыз тиді, сырқатқа шалдыққан әріптестерінің баласына шипа тіледі.

Акция нәтижесінде 350 мың теңгеге жуық қаражат жиналып, Елдар Бұқаевтың есепшотына аударылды.

Сауапты қадамдары Компания басшылығының жоғары бағасына ие болған Жастар кеңесі бұдан былай да әлеуметтік жобаларға белсене атсалыса бермек.

Осылайша жас энергетиктер Рамазан айының соңын ала келетін, күллі мұсылман қауымын мейірімділікке, ізгілікке және ауызбіршілікке баулитын Ораза айт мейрамының мазмұнын айшықтай түсті. Ниет қабыл болсын!

https://sknews.kz/news/view/kegoc-ghastary-oraza-aytty-sauapty-iske-ylastyrdy?fbclid=IwAR06y7BgLkQq_...


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс