Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ 2020 жылдың қорытындылары бойынша жай акциялар үшін дивидендтер төледі

«KEGOC» АҚ Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес 2020 жылғы қызмет қорытындылары бойынша дивидендтер төледі. Дивидендтер төлеуге 19,5 млрд теңге немесе бір жай акцияға 75,01 теңге бөлінді.

Осылайша 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бұрын төленген дивидендтерді есепке алғанда, 2020 жылғы қызмет қорытындылары бойынша төленген дивидендтердің жалпы сомасы 39,5 млрд. теңгені немесе бір жай акцияға есептегенде 152,1 теңгені құрады.

2020 жылдың қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2021 жылғы 11 мамырдағы жай-күй бойынша тіркелді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс