Баспасөз хабарламалары

Қазақстан қор биржасының алаңында «KEGOC» АҚ «Эмитент күні» өтті

2021 жылғы 28 қыркүйекте «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) алаңында «KEGOC» АҚ 2021 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша қызметінің қорытындыларына арналған «Эмитент күні» өтті.

Бейнеконференция нысанында өткен іс-шара барысында «KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі, Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айбек Ботабеков қатысушыларды Компанияның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.

         Сондай-ақ, спикер «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның «KEGOC» АҚ -ға тиесілі 100% қатысу үлесін белгіленген тәртіпте мемлекеттік меншікке иеліктен шығару (сыйға тарту) туралы шешімін жеткізді.

         Бұл ретте Айбек Төлеубекұлы «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Жарғысына сәйкес таза кірістің бөлінбейтінін атап өтті. Осыған байланысты «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-ны иеліктен шығару «KEGOC» АҚ Акционерлерінің дивидендтерінің көлеміне әсер етпейді.

Бейнеконференция барысында қатысушылар қолданыстағы инвестициялық жобаларға, жаңа объектілерді салу бойынша перспективалық жоспарларға және оларды қаржыландыру көздеріне қатысты, сондай-ақ тариф белгілеу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

«KEGOC» АҚ Басқарма мүшесі, Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айбек Ботабеков барлық сұрақтарға толық жауап берді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс