Баспасөз хабарламалары

KEGOC» АҚ 2021-2022 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алды

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2021-2022 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын берді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қызметкерлер жөндеу және алдын алу жұмыстарын бекітілген кестеге сайкес атқарды.

2021 жылы жөндеу науқаны кезінде 93 электр жеткізу желісі және 43 бірлік қосалқы станция жабдықтары жөндеуден өтті. Сонымен қатар, ғимараттар, құрылыстар мен автотехника жөнделді. Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың және жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры толықтырылды. Барлық желілік бригадалар арнайы техникамен, барлық қажетті құрылғылармен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

 

 

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы қызметін атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 26,4 мың шақырым болатын 220-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 38,7 ГВА болатын 81 қосалқы электр станциясы бар. Компанияда 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпараттар www.kegoc.kz корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс