Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-ның 17.11.2021 жылғы ақпараттық хабарламасы

2021 жылғы 17 қарашада шаңды дауыл, ылғалды қармен араласқан қатты екпінді желдің салдарынан Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында Астана уақытымен сағат 9.00-ден 11.50-ге дейін бірнеше 110, 220 кВ әуе желілері, соның ішінде өңірлік электр желілік компаниялар ажыратылды.

Жедел деректер бойынша қазіргі уақытта сақталып отырған ауа райы жағдайына байланысты шектеулердің жиынтық көлемі Р=281 МВт, соның ішінде Қызылорда АЭК өңірлік электр желілерінде 30 МВт, «ЖЭС» ЖШС-да 50 МВт, «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС-да 55 МВт, «Қазфосфат» ЖШС-да 137 МВт, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-да 2 МВт, «Минералды тыңайтқыштар зауыты» ЖШС-да 7 МВт-ты құрайды.

 

 

«KEGOC» АҚ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс