Баспасөз хабарламалары

Майнингтік ферманың ЦГПП-ға қосылуына қатысты ақпарат

«KEGOC» АҚ 2021 жылғы 18 қарашада ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлерімен ЦГПП 500 кВ қосалқы станциясы аумағынан табылған майнингтік фермасына қатысты келесіні хабарлайды.

Майнингті жүзеге асыруға арналған жабдығы бар контейнерлер «Alageum Electric Astana» ЖШС аумағында орналасқан және оның қосалқы тұтынушысы – «Genesis energy qazaqstan» ЖШС-ға тиесілі.

«Alageum Electric Astana» ЖШС («Alageum Electric» АҚ-ның филиалы, қызметі: 6-10 кВ трансформаторлық жабдықты жөндеу) 2007 жылы «KEGOC» АҚ-дан кернеуі 10 кВ болатын ТП-1 қосалқы станциясына қосылуға техникалық шарттар алған және оны электрмен жабдықтау шарт талаптарына сәйкес мәлімделген қуат 0,3 мВт шегінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «KEGOC» АҚ шаруашылық жүргізуші субъектілерді, оның ішінде «сұр» майнинг фермаларының бар-жоғын тексеруді жүзеге асыруға құқығы жоқ екенін атап өткен жөн. Бұл ретте, «KEGOC» АҚ осы мәселе бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

Елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі қазіргі жағдайға байланысты, Жүйелік оператор ретінде «KEGOC» АҚ заңсыз жұмыс істейтін майнингтік фермаларын анықтауға және энергиямен жабдықтаудан ажыратуға мүдделі.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс