Баспасөз хабарламалары

Уәкілетті орган белгілеген мерзімде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны үшін «Центр-Цемент плюс» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тарту

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) «Центр-Цемент плюс» ЖШС (бұдан әрі-ЖШС) 2021-2022 жылдар мерзімінде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында, ЖШС уәкілетті орган белгілеген мерзімде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны анықталды, қызмет алушыларға әзірлік паспортын жыл сайын 19-қазанға дейін алу қажет, бұл 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу ережелерінің 32 тармағын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент , ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, уәкілетті орган белгілеген мерзімде жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны үшін РМК-ды Кодекстің 301-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Департамент барлық энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға уәкілетті орган бекіткен уақытта күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қажеттілігін ескертеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы

бойынша аумақтық департаменті» ММ

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс