Баспасөз хабарламалары

KEGOC-та мемлекеттік наградалардың иегерлеріне құрмет көрсетілді

15 желтоқсанда «KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара барысында компания қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ наградаларымен марапаттау өтті.

Өндірістік қызметтегі жоғары жетістіктері үшін компанияның 8 қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ие болды, оның ішінде: «Парасат» ордені - 1 қызметкер, «Құрмет» ордені - 2 қызметкер, 4 қызметкер «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Құрмет грамотасымен 1 адам марапатталды.

Бұдан басқа 25 қызметкерге «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі беріліп, 15 қызметкер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның мерейтойлық төсбелгілермен марапатталып және 15 қызметкерге «Самұрық – Қазына» АҚ Құрмет грамотасы табысталды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс