Баспасөз хабарламалары

Қазақстан БЭЖ-інің 2022 жылғы 18 қаңтардағы жағдайы жөніндегі баспасөз хабарламасы

«KEGOC» АҚ ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (БЭЖ) электр станцияларындағы аварияға байланысты шиеленісті жағдай сақталып тұрғанын хабарлайды.

Қазақстан БЭЖ-інің Жүйелік операторы генерацияны төмендету салдарын барынша азайту және жүйелік аварияны болдырмау мақсатында келесі шараларды қабылдайды

Бүгін, 18 қаңтар сағат 15:10-да Екібастұз ГРЭС-2-де №2 энергия блогы авариялық түрде ажыратылды. Бұл ретте Екібастұз ГРЭС-2-нің №1 энергия блогында және Екібастұз ГРЭС-1-дің №5 энергия блогында авариялық жөндеулер жалғасуда.

Генерацияның айтарлықтай төмендеуіне байланысты Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясы мен қуат тапшылығының ұлғаюы орын алды. Қалыптасқан жағдай Ресейдің энергия жүйесімен шекарада қуаттың жол беруге болмайтын ауытқуларына және мемлекетаралық электр желілерінің жүйелік аварияның туындау қаупімен шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін.

«Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болдырмау және оларды жою жөніндегі қағидалардың» 32-тармағына сай жергілікті атқарушы органдармен келісілген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігін хабардар ете отырып, Қазақстан БЭЖ-інде бірқатар ірі өнеркәсіптік тұтынушылардың электр тұтынуына шектеу енгізілетін болады.

«KEGOC» АҚ объектілері штаттық режимде, ұлттық электр торабының жабдықтары толық құрамда жұмыс істеп тұр.

«KEGOC» АҚ

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс