Баспасөз хабарламалары

Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» 500 кВ транзитінің барлық электр беру желілері іске қосылды.

Сағат 13:39-да (Нұрсұлтан қ. уақыты бойынша) Алматы энергия торабының жұмысы Біртұтас электр желілерімен синхрондалды, тұтынушыларға қойылған барлық шектеулер толық алынуда.

Ұлттық электр торабының Алматы энергия торабымен қалыпты схемасы толық қалпына келтірілді. Алматы және Алматы облысының өңірлік электр желілік компаниялары шектеулерді алып тастауды жүзеге асыруда.

Оңтүстік облыстарды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс