Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іс жүзінде іске асыруға кірісті

«KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іс жүзінде іске асыруға кірісті. Жоспардың нақты тармақтарын орындауға жауапты басшылар анықталды.

Қазіргі уақытта компанияның ұйымдық құрылымын оңтайландыру, жалпы және әкімшілік шығыстарды қысқарту бойынша мәселелер пысықталуда. KEGOC өндірістік персоналының жалақысын өсіруге қажетті қаражат іздестірілуде.

Бірінші кезектегі міндеттердің қатарына – корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, меритократия қағидаттарын және жұмысқа қабылдау кезінде ашықтықты сақтау, еңбек ұжымы мен кәсіподақ ұйымымен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты күшейту және конструктивті диалогты қамтамасыз ету сынды басқа да мәселелер қойылған.

 

«KEGOC» АҚ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс