Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-да қызметкерлердің ревакцинациясы басталды

Қаңтардың 28 күні KEGOC орталық кеңсесінің ғимаратында компания мен оның еншілес ұйымы қызметкерлерінің ревакцинациясы өтті.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы компоненттерінің жарамдылық мерзімі жеткен қызметкерлерді ревакцинациялау үшін «Жанұя» медициналық орталығының бригадасы шақырылды.

Шара барасында 50-ден астам қызметкер өндірістен қол үзбей ревакцинациядан өтті. Қызметкерлер үшін вакцинаның 4 түрі ұсынылды: QazVac, Light спутнигі, Sinopharm және жекелеген санаттары үшін Pfizer.

Компанияда көшпелі емшара қызметтерін көрсету үрдіске айналған, бұл қызметкерлер үшін ыңғайлы және уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс