Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ-ға қатысты тексеру қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде «KEGOC» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілгені туралы ақпарат таратты. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Кодекс)164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

«KEGOC» АҚ Компанияны Кодекстің аталған бабы бойынша жауапкершілікке тартумен келіспейтінін хабарлайды. Осыған байланысты, әкімшілік істі объективті және жан-жақты қарау мақсатында Компания Табиғи монополияларды реттеу комитетіне істі тиісті сотқа жіберу туралы өтініш жолдады. Бұл ретте Кодекстің 10-бабына сәйкес, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлға кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және өз өкiлеттiктері шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленгенге дейін кiнәсiз деп есептелетінін атап өтеміз.

 

«KEGOC» АҚ


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс