Баспасөз хабарламалары

KEGOC акционерлерге 2021 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер төледі

2022 жылғы 20 маусымда «KEGOC» АҚ акционерлеріне 2021 жылдың қорытындылары бойынша 13,2 млрд.теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу жүзеге асырылды. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұрын төленген дивидендтерді есепке ала отырып, 2021 жылы компанияның акционерлеріне төленген дивидендтердің жалпы сомасы 35,2 млрд теңгені құрады, бұл бір акцияға есептегенде 135,57 теңгені құрады. Есептегі жыл ішінде төленген дивидендтердің көлемі KEGOC-тың таза кірісінің 66,9% -ын құрайды (52,6 млрд теңге таза кіріс).

2014 жылы IPO-ға шыққан сәттен бастап KEGOC жылына 2 рет акционерлерге дивиденд төлейді. Жалпы алғанда акционерлерге шамамен 188 млрд.теңге дивиденд төленді.

KEGOC-та қызмет көрсету көлемі өсуінің оң серпіні сақталуда. Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында электр энергиясын жеткізу көлемі жоспарлы мәндерден 420 млн.кВтсағатқа (1,8%-ға өсті) асып түсті. Бұл ҚР көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын жеткізу көлемінің өсуіне, сонымен қатар электр энергиясының мемлекетаралық транзиті көлемінің өсуіне байланысты.

«KEGOC» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясында тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралар көзделген. KEGOC жұмыс істеп тұрған жоғары вольтты электр жеткізу желілерін реконструкциялау және жаңа энергия объектілерін салу жөніндегі бірнеше жобаны іске асыруда. Олардың ішінде мынадай 3 ірі жоба бар: «Компанияның «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» и «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-лерін реконструкциялау, «Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту, электр желілік объектілерді салу», сонымен қатар қазіргі уақытта аяқталу сатысындағы «Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту». Осы жоба шеңберінде ағымдағы жылғы шілдеде 220 кВ «Орталық» қосалқы станциясын іске қосу жоспарлануда.

         ҚР Энергетика министрлігінің Болжамдық теңгеріміне сәйкес елдегі перспективалық энергия тұтынуды қамту үшін 2035 жылға таман құрылымы әртүрлі технологиялармен орналасу орындарымен көрсетілген шамамен 17,5 ГВт жаңа өндіруші қуаттарды енгізу жоспарлануда. Бұл үшін компанияда Ұлттық электр торабының 2035 жылға дейін дамуының болжамдық моделін әзірлеу жоспарлануда, бұл оның ауқымды жаңғыруын, сонымен қатар ЖЭК-тің өсіп жатқан көлемін энергия жүйесіне қауіпсіз біріктіруді қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруды көздейді.

         Осылайша, KEGOC, электр энергетика саласының көшбасшысы ретінде, Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін, қолжетімділігін және озық қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс