Баспасөз хабарламалары

«KEGOC» АҚ ресми сайтының қазақша нұсқасы үздік деп танылды

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ресми интернет ресурстарындағы қазақ тілінің қолданысына мониторинг жүргізген болатын.

Бекітілген бағалау критерийлеріне сәйкес 105 ұйымның ресми сайтына және мобильдік қосымшасына мониторинг жүргізілген. Соның ішінде 20 жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармасы, 12 полиция департаменті, 32 ұлттық және әуе компаниясы, 14 екінші деңгейлік банк, 17 әуежай, 10 қоғамдық тұтыну сервисі бар.

Қазақ тілі контентінің берілу көлемі мен сапасына орай ұлттық және әуе компанияларының ресми интернет ресурстарына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша жоғары ұпай жинаған ұйымдардың тізіміне KEGOC, ҚазТрансОйл, Бәйтерек, Даму, QazExpoCongress, Эйр Астана кірген.

Яғни, «KEGOC» АҚ барлық бағалау критерийлері бойынша ең жоғары 10 ұпай жинап, сайтта орналастырылған материалдарының барлық тілдік нұсқаларының мазмұны мен сапасы бойынша ұлттық компаниялар арасында үздік деп танылды.

Жалпы, компания ішінде де мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру үшін арнайы жүйелі сабақтар өткізу жылдағы дәстүрге айналды. Ресми жиындар, еркін форматтағы мәдени шаралар, сондай-ақ компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларда ақпараттар таратуда мемлекеттік тілге басымдық беріледі. Сонымен қатар, компаниядағы қазақ тіліндегі құжат айналымы көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді.

Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс