Баспасөз хабарламалары

2022 жылы KEGOC желілері арқылы электр энергиясын жеткізу қызметтерінің көлемі артты

Есептік деректерге сәйкес 2022 жылы елімізде 112 865,9 млн.кВт электр энергиясы өндірілді, электр энергиясын тұтыну 112 944,6 млн. кВтсағ құрады.

«KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артып, 58 570,3 млн. кВтсағ құрады. Бұл ретте 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. 2022 жылғы 7 желтоқсанда тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 16 459 МВт құрады, сонымен бірге еліміздің электр станцияларының жиынтық генерациясы 15 203 МВт құрады. Осындай жоғары жүктемелер кезінде «KEGOC» АҚ пайдаланатын Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) штаттық режимде сенімді жұмыс істеді.

Жүйелік оператордың электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтері 104 263,9 млн.кВтсағ көлемінде, электр энергиясын өндіру–тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтері 203 232,9 млн. кВтсағ көлемінде көрсетілді.

 

Анықтама:

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 38,99 ГВА болатын 82 қосалқы  электр станциясы бар. Компания туралы толық ақпарат оның www.kegoc.kz корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс